Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Шет аудандық мәслихатының 05.05.2018 N 21/180 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 419, 420, 421 және 422 баптарына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Тіркелген салықтың ставкаларының мөлшері қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Н. Шоқпаров |
Аудандық мәслихаттың хатшысы | Ә. Смағұлұлы |
Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 4 сәуірдегі N 12/117 шешіміне қосымша |
N р/с | Салық салу объектісінің атауы | Саны | Өлшем бірлігі | Салық ставкасы |
1 | Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы | 1 | Айлық есептік көрсеткіш | 5 |
2 | Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы | 1 | Айлық есептік көрсеткіш | 7 |
3 | Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер | 1 | Айлық есептік көрсеткіш | 2 |
4 | Ойын жолы | 1 | Айлық есептік көрсеткіш | 50 |
5 | Карт | 1 | Айлық есептік көрсеткіш | 10 |
6 | Бильярд үстелі | 1 | Айлық есептік көрсеткіш | 10 |