Тіркелген салықтың ставкаларының мөлшерін белгілеу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Шет аудандық мәслихатының 2013 жылғы 4 сәуірдегі N 12/117 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 6 мамырда N 2327 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Шет аудандық мәслихатының 2018 жылғы 5 мамырдағы N 21/180 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Шет аудандық мәслихатының 05.05.2018 N 21/180 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 419, 420, 421 және 422 баптарына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Тіркелген салықтың ставкаларының мөлшері қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы

Н. Шоқпаров

Аудандық мәслихаттың хатшысы

Ә. Смағұлұлы


  Аудандық мәслихаттың
2013 жылғы 4 сәуірдегі
N 12/117 шешіміне
қосымша

N р/с

Салық салу объектісінің атауы

Саны

Өлшем бірлігі

Салық ставкасы

1

Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

1

Айлық есептік көрсеткіш

5

2

Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы

1

Айлық есептік көрсеткіш

7

3

Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер

1

Айлық есептік көрсеткіш

2

4

Ойын жолы

1

Айлық есептік көрсеткіш

50

5

Карт

1

Айлық есептік көрсеткіш

10

6

Бильярд үстелі

1

Айлық есептік көрсеткіш

10


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады