Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Шет ауданы Красная поляна ауылдық округі әкімінің 26.03.2014 № 1 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 28 сәуірдегі N 407 "Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық кесімдерді бекіту туралы" қаулысына сәйкес Красная поляна ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Ірі қара малдың ауруына байланысты (туберкулез) Сұлу-Мәдине елді мекенінің аумағында туберкулез бойынша шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Әкім Н. Токушев