Тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы

Қызылорда қалалық мәслихатының 2013 жылғы 26 ақпандағы N 14/5 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2013 жылы 26 наурызда N 4425 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда қалалық мәслихатының 2014 жылғы 18 ақпандағы N 26/5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда қалалық мәслихатының 18.02.2014 N 26/5 шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуіріндегі Заңына, "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы Қаулысына сәйкес Қызылорда қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі мен мөлшері қосымшаға сәйкес айқындалсын.
      2. "Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы туралы" Қызылорда қалалық мәслихатының 2012 жылғы 24 шілдедегі N 7/3 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 10-1-218 нөмірімен тіркелген, 2012 жылы 12 қыркүйекте N 38 "Ақмешіт Ақшамы" газетінде, 2012 жылы 12 қыркүйекте N 37 "Ел тілегі" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қалалық мәслихаттың кезектен
      тыс ХІV сессиясының төрағасы               Ғ. ИБРАЕВ

      Қызылорда қалалық
      мәслихатының хатшысы                       И. ҚҰТТЫҚОЖАЕВ

      Қалалық мәслихаттың
      2013 жылғы 26 ақпандағы
      N 14/5 шешіміне қосымша

       Тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі мен мөлшері

      Осы тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңына, "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы Қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы  16 қазандағы N 1316 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы N 2314 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" Қаулысына сәйкес әзiрлендi.

       1. Тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі

      1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Қызылорда қаласында тұрақты тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға):
      1) жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға;
      2) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстар-кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін пайдалануға және жөндеуге, жер учаскесін күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтерді тұтынуды есептеудің үйге ортақ құралдарын сатып алуға, орнатуға, пайдалануға және тексеруге жұмсалатын шығыстарға, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға тұтынылған коммуналдық қызметтерді төлеуге жұмсалатын шығыстарға жалпы жиналыстың шешімімен белгіленген ай сайынғы жарналар арқылы төленетін үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері шығыстарының міндетті сомасы, сондай-ақ болашақта кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін немесе оның жекелеген түрлерін күрделі жөндеуге ақша жинақтауға жұмсалатын жарналар;
      3) тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуына;
      4) жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысын төлеуге;
      5) жекешелендірілген үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынның саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге беріледі.
      Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.
      Белгiленген нормалар шегiндегi шектi жол берiлетiн шығыстар үлесi отбасының (азаматтың) жиынтық табыстың 5 пайызы мөлшерiнде белгiленедi.
      2. Тұрғын үй көмегін тағайындау "Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі - уәкілетті орган) жүзеге асырылады.
      3. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат) уәкілетті органға өтінішпен жүгінеді және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы N 2314 қаулысымен бекітілген "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесінің" 4-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.
      4. Тұрғын үй көмегі өтініш берген айдан бастап ағымдағы тоқсанға тағайындалады.
      5. Уәкiлеттi орган өтініш берушіге тұрғын үй көмегiн тағайындау үшiн қажет құжаттарды берген күннен бастап күнтiзбелiк он күн iшiнде тұрғын үй көмегiн тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту жөнiнде шешiм қабылдап, өтініш берушіні хабардар етеді.

       2. Тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері

      6. Тұрғын үй көмегі телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстарға, жекешелендірілген үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі шаралар қолданылатын, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға нормалар шегінде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған, жергілікті өкілді органдар белгіленген шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.
      7. Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін тағайындау төмендегі пайдалану нормасына сәйкес жүргізіледі:
      1) электр энергиясын пайдалану 1 айға:
      1 адамға – 45 киловатт-сағат;
      2 адамға – 90 киловатт-сағат;
      3-4 адамға – 100 киловатт-сағат;
      5 және одан да көп мүшесі бар отбасына – 150 киловатт-сағат;
      2) газбен жабдықтау 1 айға:
      5 адамға дейінгі мүшесі бар отбасына – 10 килограмм;
      5 адамға және одан көп мүшесі бар отбасына – 20 килограмм;
      3) ыстық және салқын су – ай сайын 1 адамға тариф бойынша;
      4) тұрғын үйді күтіп ұстау ай сайын:
      1 адамға – 18 шаршы метр;
      жалғыз тұратын адамдар үшін – 31 шаршы метр;
      5) жылумен жабдықтау ай сайын:
      1 адамға – 18 шаршы метр;
      жалғыз тұратын адамдар үшін – 31 шаршы метр;
      6) тұрмыстық қалдықтарды шығару – ай сайын әр адамға тариф бойынша;
      7) кәріз қызметтері – ай сайын әр адамға тариф бойынша;
      8) телекоммуникациялар желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің көтерілуіне өтемақы "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі N 512 қаулысымен бекітілген, әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің қағидасына сәйкес жүргізіледі;
      9) тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде;
      10) қатты отынды (көмірді) жылыту маусымында пайдалану – әр отбасына бір айға 0,5 тонна;
      11) лифт – әр отбасына тариф бойынша.

       3. Қаржыландыру және тұрғын үй көмегін төлеу тәртібі

      8. Тұрғын үй көмегін төлеу есептелген сомаларды тұрғын үй көмегін алушылардың жеке шоттарына екінші деңгейдегі банктер арқылы аудару жүзеге асырылады.

Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи

Решение Кызылординского городского маслихата от 26 февраля 2013 года N 14/5. Зарегистрировано Департаментом юстиции Кызылординской области 26 марта 2013 года за N 4425. Утратило силу решением Кызылординского городского маслихата от 18 февраля 2014 года N 26/5

      Сноска. Утратило силу решением Кызылординского городского маслихата от 18.02.2014 N 26/5.

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Законом Республики Казахстан от 16 апреля 1997 года "О жилищных отношениях", Постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2009 года "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи" Кызылординский городской маслихат РЕШИЛ:
      1. Определить согласно приложению размер и порядок оказания жилищной помощи.
      2. Признать утратившим силу решение Кызылординского городского маслихата от 24 июля 2012 года N 7/3 "О правилах оказания жилищной помощи" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов от 25 апреля 2011 года за номером 10-1-218, опубликовано 12 сентября 2012 года в газете "Ақмешіт ақшамы" N 38, 12 сентября 2012 года в газете "Ел тілегі" N 37).
      3. Настоящее решение вводится в действие со дня первого официального опубликования.

      Председатель внеочередной
      ХIV сессии городского маслихата          Г. ИБРАЕВ

      Секретарь Кызылординского
      городского маслихата                     И. КУТТЫКОЖАЕВ

      Приложение
      к решению городского маслихата
      от 26 февраля 2013 года N 14/5

       Размер и порядок оказания жилищной помощи

      Настоящий размер и порядок оказания жилищной помощи разработан в соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года N 148 "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Законом Республики Казахстан от 16 апреля 1997 года N 94 "О жилищных отношениях", Постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2009 года N 2314 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи", Постановлением Правительства Республики Казахстан от 16 октября 2012 года N 1316 "О внесении изменения и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2009 года N 2314 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи".

       1. Порядок оказания жилищной помощи

      1. Жилищная помощь предоставляется малообеспеченным семьям (гражданам), постоянно проживающим в городе Кызылорда, за счет средств местного бюджета на оплату:
      1) расходов на содержание жилого дома (жилого здания) семьям (гражданам), проживающим в приватизированных жилых помещениях (квартирах) или являющимися нанимателями (поднанимателями) жилых помещений (квартир) в государственном жилищном фонде;
      2) расходы на содержание жилого дома (жилого здания) – обязательная сумма расходов собственников помещений (квартир) посредством ежемесячных взносов, установленных решением общего собрания, на эксплуатацию и ремонт общего имущества объекта кондоминиума, содержание земельного участка, расходы на приобретение, установку, эксплуатацию и поверку общедомовых приборов учета потребления коммунальных услуг, расходы на оплату коммунальных услуг, потребленных на содержание общего имущества объекта кондоминиума, а также взносы на накопление денег на предстоящий в будущем капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума или отдельных его видов;
      3) потребления коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, семьям (гражданам), являющимся собственниками или нанимателями (поднанимателями) жилища;
      4) арендной платы за пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде;
      5) стоимости однофазного счетчика электрической энергии с классом точности не ниже 1 с дифференцированным учетом и контролем расхода электроэнергии по времени суток проживающим в приватизированных жилых помещениях (квартирах), индивидуальном жилом доме.
      Расходы малообеспеченных семей (граждан), принимаемые к исчислению жилищной помощи, определяются как сумма расходов по каждому из вышеуказанных направлений.
      Доля предельно допустимых расходов в пределах установленных норм устанавливается в размере 5 процентов от совокупного дохода семьи (гражданина).
      2. Назначение жилищной помощи осуществляется государственным учреждением "Городской отдел занятости и социальных программ" (далее - уполномоченный орган).
      3. Для назначения жилищной помощи семья (гражданин) обращается в уполномоченный орган с заявлением и представляет документы, указанные в пункте 4 "Правил предоставления жилищной помощи", утвержденным Постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2009 года N 2314.
      4. Жилищная помощь назначается с начала месяца подачи заявления на текущий квартал.
      5. Уполномоченный орган в течение десяти календарных дней со дня предоставления заявителем необходимых для назначения жилищной помощи документов принимает решение о назначении или отказе в назначении жилищной помощи, о чем уведомляет заявителя.

       2. Размер оказания жилищной помощи

      6. Жилищная помощь определяется как разница между суммой оплаты расходов на содержание жилого дома (жилого здания), потребление коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, арендной платы за пользованием жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, стоимости однофазного счетчика электрической энергии с классом точности не ниже 1 с дифференцированным учетом и контролем расхода электроэнергии по времени суток проживающим в приватизированных жилых помещениях (квартирах), индивидуальном жилом доме, в пределах норм и предельно-допустимого уровня расходов семьи (граждан) на эти цели.
      7. Назначение жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) производится в соответствии нижеследующими нормами потребления:
      1) потребление электроэнергии на 1 месяц:
      на 1 человека – 45 киловатт-час;
      на 2 человека – 90 киловатт-час;
      на 3-4 человека – 100 киловатт-час,
      семье из 5 и более членов – 150 киловатт-час;
      2) газоснабжение на 1 месяц:
      до 5-х членов семьи – 10 килограмм;
      до 5-х членов семьи и более – 20 килограмм.
      3) горячая и холодная вода – ежемесячно на 1 человека по тарифу;
      4) содержание жилья ежемесячно:
      на 1 человека – 18 квадратный метр;
      для одиноко проживающих людей – 31 квадратный метр;
      5) теплоснабжение ежемесячно:
      на 1 человека – 18 квадратный метр;
      для одиноко проживающих людей – 31 квадратный метр;
      6) вывоз бытовых отходов – ежемесячно на каждого человека по тарифу;
      7) услуги канализации – ежемесячно на каждого человека по тарифу;
      8) компенсация повышения тарифов абонентской платы за телефон подключенный к сети телекоммуникаций, производится в соответствии с Правилами компенсации повышения тарифов абонентской платы за оказание услуг телекоммуникаций социально защищаемым гражданам, утвержденным постановлением Правительства Республики Казахстан от 14 апреля 2009 года N 512 "О некоторых вопросах компенсации повышения тарифов абонентской платы за оказание услуг телекоммуникаций социально защищаемым гражданам";
      9) в части увеличения арендной платы за пользование жилищем;
      10) потребление твердого топлива (угля) в отопительный сезон – на каждую семью в месяц 0,5 тонны;
      11) лифт – на каждую семью по тарифу.

       3. Финансирование и порядок выплаты жилищной помощи

      8. Выплата жилищной помощи осуществляется через банки второго уровня путем перечисления начисленных сумм на лицевые счета получателей жилищной помощи.