Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Қызылорда облысы Арал аудандық мәслихатының 27.03.2014 N 03-16/97 хатымен).
"Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Арал аудандық мәслихаты ШЕШЕМІЗ:
1. "2013-2015 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" Арал аудандық мәслихатының 2012 жылғы 19 желтоқсандағы кезекті он бірінші сессиясының N 65 шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4389 нөмірімен тіркелген, 2013 жылдың 19 қаңтарында аудандық "Толқын" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
3–тармақ мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
"3. 2013 жылға арналған жергiлiктi бюджеттердi атқару процесiнде секвестрлеуге жатпайтын жергілікті бюджеттiк бағдарламалардың тізбесі 8-қосымшаға сәйкес бекітілсін."
осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес аталған шешім 8-қосымшамен толықтырылсын.
2. Осы шешім 2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.
Арал аудандық мәслихатының
кезектен тыс он үшінші
сессиясының төрағасы Ш. Медетов
Арал аудандық
мәслихатының хатшысы К. Данабай
2013 жылғы "26" ақпандағы N 76
Арал аудандық мәслихатының
кезектен тыс он үшінші сессиясының
шешіміне 1-қосымша
2012 жылғы "19" желтоқсандағы N 65
Арал аудандық мәслихатының
кезекті он бірінші сессиясының
шешіміне 8-қосымша
2013 жылға арналған жергілікті бюджеттерді атқару процесінде секвестрлеуге жатпайтын жергілікті бюджеттік бағдарламалардың тізбесі
Атауы |
---|
Жалпы білім беру |
Ерекше жағдайларда сырқаты ауыр адамдарды дәрігерлік көмек көрсететін ең жақын денсаулық сақтау ұйымына жеткізуді ұйымдастыру |