"2013-2015 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" Арал аудандық мәслихатының 2012 жылғы 19 желтоқсандағы N 65 шешіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Арал аудандық мәслихатының 2013 жылғы 26 ақпандағы N 76 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 15 наурызда N 4419 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Қызылорда облысы Арал аудандық мәслихатының 2014 жылғы 27 наурыздағы N 03-16/97 хатымен)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші  жойылды - (Қызылорда облысы Арал аудандық мәслихатының 27.03.2014 N 03-16/97 хатымен).

      "Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Арал аудандық мәслихаты ШЕШЕМІЗ:
      1. "2013-2015 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" Арал аудандық мәслихатының 2012 жылғы 19 желтоқсандағы кезекті он бірінші сессиясының N 65 шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4389 нөмірімен тіркелген, 2013 жылдың 19 қаңтарында аудандық "Толқын" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
      3–тармақ мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
      "3. 2013 жылға арналған жергiлiктi бюджеттердi атқару процесiнде секвестрлеуге жатпайтын жергілікті бюджеттiк бағдарламалардың тізбесі 8-қосымшаға сәйкес бекітілсін."
      осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес аталған шешім 8-қосымшамен толықтырылсын.
      2. Осы шешім 2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.

      Арал аудандық мәслихатының
      кезектен тыс он үшінші
      сессиясының төрағасы                     Ш. Медетов

      Арал аудандық
      мәслихатының хатшысы                     К. Данабай

      2013 жылғы "26" ақпандағы N 76
      Арал аудандық мәслихатының
      кезектен тыс он үшінші сессиясының
      шешіміне 1-қосымша

      2012 жылғы "19" желтоқсандағы N 65
      Арал аудандық мәслихатының
      кезекті он бірінші сессиясының
      шешіміне 8-қосымша

       2013 жылға арналған жергілікті бюджеттерді атқару процесінде секвестрлеуге жатпайтын жергілікті бюджеттік бағдарламалардың тізбесі

Атауы

Жалпы білім беру

Ерекше жағдайларда сырқаты ауыр адамдарды дәрігерлік көмек көрсететін ең жақын денсаулық сақтау ұйымына жеткізуді ұйымдастыру

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады