Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Арал ауданы әкімдігінің 15.01.2014 N 5-қ қаулысымен.
"Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі N 319 Заңының 6-бабының 4-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Арал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қосымшаға сәйкес 2013 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Алданов Әділхан Шанжарханұлына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің
міндетін атқарушы Е. Раймбетов
Аудан әкімдігінің
2013 жылғы "21" қазандағы
N 298 қаулысына қосымша
2013 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері
N |
Мектепке дейiнгi тәрбие және оқыту ұйымдарының әкiмшiлiк-аумақтық орналасуы |
Мектепке дейiнгi тәрбие және оқыту ұйымдарының тәрбиеленушiлер саны |
Мектепке дейiнгi ұйымдарда қаржыландырудың жан басына шаққанда бiр айдағы мөлшерi (теңге) |
Мектепке дейiнгi ұйымдар ата-аналарының бiр айдағы төлемақы мөлшерi (теңге) |
||
Балабақшалар |
Мектеп жанындағы толық күндік шағын-орталықтар |
Мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдардағы ата-ана төлем ақысының ай сайынғы мөлшері (Алты еселенген айлық есептік көрсеткіштен артық емес) |
Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша қызмет алатын жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдардағы ата-ана төлем ақысының ай сайынғы мөлшері (Он еселенген айлық есептік көрсеткіштен артық емес) |
|||
1 |
Арал ауданы |
925 |
20 039 |
14 492 |
9605 |
17 310 |