2013 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Арал ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 21 қазандағы N 298 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 20 қарашада N 4540 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Арал ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 15 қаңтардағы N 5-қ қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Арал ауданы әкімдігінің 15.01.2014 N 5-қ қаулысымен.

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі N 319 Заңының 6-бабының 4-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Арал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қосымшаға сәйкес 2013 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Алданов Әділхан Шанжарханұлына жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің
      міндетін атқарушы                              Е. Раймбетов

      Аудан әкімдігінің
      2013 жылғы "21" қазандағы
      N 298 қаулысына қосымша

       2013 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері

N

Мектепке дейiнгi тәрбие және оқыту ұйымдарының әкiмшiлiк-аумақтық орналасуы

Мектепке дейiнгi тәрбие және оқыту ұйымдарының тәрбиеленушiлер саны

Мектепке дейiнгi ұйымдарда қаржыландырудың жан басына шаққанда бiр айдағы мөлшерi (теңге)

Мектепке дейiнгi ұйымдар ата-аналарының бiр айдағы төлемақы мөлшерi (теңге)

Балабақшалар

Мектеп жанындағы толық күндік шағын-орталықтар

Мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдардағы ата-ана төлем ақысының ай сайынғы мөлшері


(Алты еселенген айлық есептік көрсеткіштен артық емес)

Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша қызмет алатын жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдардағы ата-ана төлем ақысының ай сайынғы мөлшері

(Он еселенген айлық есептік көрсеткіштен артық емес)

1

Арал ауданы

925

20 039

14 492

9605

17 310

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады