Ескерту. Күші жойылды - Бірлескен Қызылорда облысы Қазалы ауданы әкімдігінің 27.07.2017 № 152 қаулысымен және Қызылорда облысы Қазалы аудандық мәслихатының 27.07.2017 № 120 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасының Жер кодексі" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Кодексіне және "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес Қазалы ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қазалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қызылорда облысы Қазалы ауданы Әйтеке би кентінің шекарасының (шегі) жалпы алаңы 3226,0 гектар болып белгіленсін.
2. "Әйтеке би кентінің шекарасын (шегін) белгілеу және өзгерту туралы" Қазалы аудандық мәслихатының 2009 жылғы 29 сәуірдегі N 135 шешімі және Қазалы ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 28 сәуірдегі N 66 қаулысының(нормативтік құқықтық актілер Тізілімінде N 10-4-99 тіркелген, аудандық "Тұран Қазалы" 2009 жылғы 10 маусымдағы N 46 газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы мен шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазалы ауданының әкімінің | |
міндетін атқарушы | C. Мақашев |
Қазалы аудандық мәслихатының | |
ХХІІ сессиясының төрағасы | C. Утегенов |
Қазалы аудандық | |
мәслихатының хатшысы | Т. Бөріқұлақов |