"Қазақстан Республикасының Жер кодексі" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Кодексіне және "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес Қазалы ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қазалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы қаулы мен шешімнің қосымшасына сәйкес Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кентінің шекарасының (шегі) жалпы алаңы 19210,0 гектар болып өзгертілсін.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қызылорда облысы Қазалы ауданы әкімдігінің 24.02.2021 № 48 бірлескен қаулысымен және Қызылорда облысы Қазалы аудандық мәслихатының 24.02.2021 № 17 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).2. "Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кентінің шекарасын (шегін) белгілеу туралы" Қазалы ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 1 қарашадағы № 282 қаулысының және Қазалы аудандық мәслихатының 2013 жылғы 1 қарашадағы № 152 шешімінің (нормативтік құқықтық актілер Тізілімінде №4547 тіркелген, аудандық "Тұран Қазалы" 2013 жылғы 26 желтоқсандағы №108-109 газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы мен шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазалы ауданы әкімінің міндетін атқарушы | С.Бабанаев |
Қазалы аудандық мәслихатының ХV сессиясының төрағасы |
Ж.Коланова |
Қазалы аудандық мәслихатының хатшысы | К.Назымбеков |
Қазалы ауданы әкімдігінің 2017 жылғы " 27 " шілдедегі № 152 қаулысына және Қазалы аудандық мәслихатының 2017 жылғы " 27 " шілдедегі №120 шешіміне қосымша |
Қазалы ауданы Әйтеке би кенті жерлерінің экспликациясы
№ | Жерлердің атауы | Жалпы көлемі (гектар) | Оның ішінде (гектар): | |||||||
ауыл шаруашылығы | Орман көмкерген | Құрылысқа арналған жерлер |
| |||||||
егістік | Көп жылдық екпелер | Тыңайған жер | жайылымдар | Бақша | ||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
1 | Әйтеке би кенті |
19210,0 |
60 |
- |
- |
15021,0 |
283,0 |
- |
830,0 | 3016,0 |