1. "2014-2016 жылдарға арналған аудандық бюджет 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2014 жылға мынадай көлемде бекітілсін:
1) кірістер – 7 857 856 мың теңге, оның ішінде::
салықтық түсімдер – 806 551 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 23 196 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 13 476 мың теңге;
трансферттер түсімі – 7 014 633 мың теңге;
2) шығындар – 7 794 819 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 170 086 мың теңге;
бюджеттік кредиттер – 194 737 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 24 651 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 140 421 мың теңге;
қаржы активтерін сатып алу – 140 421 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -247 470 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 247 470 мың теңге;
қарыздар түсімі – 194 737 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 24 660 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 77 393 мың теңге.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 03.11.2014 N 218 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 01.01.2014 бастап туындаған қатынастарға таралады); өзгерістер енгізілді - Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 02.12.2014 N 222 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 01.01.2014 бастап туындаған қатынастарға таралады) шешімдерімен.
2. 2014 жылғы аудан бюджетінің кірістерінің құрамында ауданға бөлу нормативі жеке табыс салығы 100 пайыз, әлеуметтік салық 90 пайыз болып белгіленгені ескерілсін.
3. Аудандық бюджетке берілетін субвенция көлемі 4 111 695 мың теңге болып белгіленсін.
4. 2014 жылға арналған аудандық бюджетте облыстық бюджеттен төмендегі көлемде ағымдағы нысаналы трансферттер қаралғаны ескерілсін:
1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердің екінші рет некеге тұрмаған жесірлеріне, екінші дүние жүзілік соғыс кезінде фашистердің құрған концлагерлердің жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдарға сауықтыруға біржолғы материалдық көмекке – 189 мың теңге;
2) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылда кемінде алты ай жұмыс істеген адамдарға коммуналдық қызметтердің ақысын төлеу үшін әлеуметтік көмекке – 35 392 мың теңге;
3) білім беру ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға – 42 853 мың теңге, оның ішінде мектепке дейінгі ұйымдарға "Монтессори" кабинет жабдықтарын сатып алуға – 11 816 мың теңге, жалпы білім беретін мектептерге "Эрисман" парталарын сатып алуға – 31 037 мың теңге;
4) өңірге қажет мамандықтар бойынша әлеуметтік тұрғыдан халықтық осал тобы қатарынан білім алушы студенттер үшін әлеуметтік көмек көрсетуге – 16 769 мың теңге;
5) мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыруға – 27 695 мың теңге;
6) білім объектілерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға – 1 974 мың теңге;
7) Қармақшы ауданы Қармақшы елді мекеніндегі "№113 "Қаракөл" қазақ орта мектебі" мемлекеттік мекемесінің, Жосалы кентіндегі "Шоқан Уалиханов атындағы №26 орта мектебі" мемлекеттік мекемесінің ғимараттарын күрделі жөндеуге – 366 821 мың теңге;
8) Қармақшы ауданы Ақай ауылындағы №19 "Балдәурен" балабақшасы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны ғимаратын күрделі жөндеуге – 47 436 мың теңге;
9) туберкулез көрсеткішін төмендету мақсатында, резистентік түрде тұрақты емделіп жүрген науқастарға әлеуметтік көмекке – 5 599 мың теңге;
10) халыққа әлеуметтік қорғау және көмек көрсетуге – 28 мың теңге;
11) елді мекендерді абаттандыруға – 280 448 мың теңге;
12) ветеринариялық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын нығайтуға – 28 595 мың теңге;
13) елді мекендердің көшелерін жөндеу жұмыстарына – 318 071 мың теңге;
14) мектеп оқушыларына электрондық білім беру жүйесін енгізуге – 5 738 мың теңге.
15) мектептерге қазіргі заман талабына сай жоғарғы сападағы ауыз су тазарту қондырғысын орнатуға – 13 452 мың теңге;
16) жалпы білім беру мектептерінде сынып комплектісінің өсуіне – 2 826 мың теңге;
17) тұрғын үйге көмек көрсетуге – 19 969 мың теңге;
18) жылдық кіріс түсімдері болжамының орындалмауына байланысты жоғалтуларын өтеуге – 184 708 мың теңге.
Ескерту. 4-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 17.02.2014 N 146 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 01.01.2014 бастап пайда болған қатынастарға таралады); 28.04.2014 N 173 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 01.01.2014 бастап туындаған қатынастарға таралады); 12.08.2014 N 207 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 01.01.2014 бастап туындаған қатынастарға таралады); 03.11.2014 N 218 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 01.01.2014 бастап туындаған қатынастарға таралады); 02.12.2014 N 222 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 01.01.2014 бастап туындаған қатынастарға таралады) шешімдерімен.
5. 2014 жылға арналған аудандық бюджетте республикалық бюджет қаржысы есебінен мынадай мөлшерде ағымдағы нысаналы трансферттердің қаралғаны ескерілсін:
1) мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыруға – 190 683 мың теңге;
2) Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға негiзгi орта және жалпы орта бiлiм беретiн мемлекеттiк мекемелерде физика, химия, биология кабинеттерiн оқу жабдығымен жарақтандыруға – 8 194 мың теңге;
3) үш деңгейлі жүйе бойынша біліктілігін арттырудан өткен мұғалімдерге еңбекақыларын көтеруге – 35 609 мың теңге;
4) мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыруға – 1 905 мың теңге;
5) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төлеуге – 5 517 мың теңге;
6) 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақыларды төлеуге – 12 000 мың теңге;
7) мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметшілер болып табылмайтын жұмыскерлерінің, сондай-ақ жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік кәсіпорындардың жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақысына ерекше еңбек жағдайлары үшін ай сайынғы үстемеақы төлеуге – 144 044 мың теңге.
Ескерту. 5-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 17.02.2014 N 146 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 01.01.2014 бастап пайда болған қатынастарға таралады); 28.04.2014 N 173 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 01.01.2014 бастап туындаған қатынастарға таралады); 12.08.2014 N 207 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 01.01.2014 бастап туындаған қатынастарға таралады); 02.12.2014 N 222 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 01.01.2014 бастап туындаған қатынастарға таралады) шешімдерімен.
6. 2014 жылға арналған аудандық бюджетте облыстық бюджет қаржысы есебінен төмендегі көлемде нысаналы даму трансферттері қаралғаны ескерілсін:
1) коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін жобалауға, салуға және (немесе) сатып алуға, оның ішінде кезекте тұрғандарға тұрғын үй салуға – 28 840 мың теңге;
2) "Қармақшы ауданы Тұрмағамбет елді мекендегі жергілікті су құбырының сумен қамту жүйесін қайта жаңғырту. 2-кезең" жобасын қоса қаржыландыруға – 11 183 мың теңге;
3) "Қармақшы ауданы Ақай елді мекенінің сумен қамту жүйесін қайта жаңғырту және кеңейту" жобасын қоса қаржыландыруға – 16 667 мың теңге;
4) "Қармақшы ауданы Жосалы кенті орталығындағы су құбыры желілерінің құрылысы, 4-кезең" жобасын қоса қаржыландыруға – 16 667 мың теңге;
5) Жосалы кентіндегі "Шоқан Уалиханов атындағы №26 орта мектебі" мемлекеттік мекемесінің, Қармақшы ауданы Ақай ауылындағы №19 "Балдәурен" балабақшасы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны ғимараттарын қайта жаңғыртуға – 57 142 мың теңге;
6) Қармақшы ауданы ІІІ-Интернационал ауылындағы ауылдық мәдениет үйінің жылу жүйесін қайта жаңғыртуға – 20 635 мың теңге;
7) "Қармақшы ауданы Жаңажол елді мекеніндегі тұтынушы тұрғын үйлерінің шекарасына су желісін жеткізу құрылысы" жобасының жобалық-сметалық құжатын әзірлеп мемлекеттік сараптамадан өткізуге – 5 550 мың теңге;
8) "Қармақшы ауданы Иіркөл елді мекеніндегі тұтынушы тұрғын үйлерінің шекарасына су желісін жеткізу құрылысы" жобасының жобалық-сметалық құжатын әзірлеп мемлекеттік сараптамадан өткізуге – 5 550 мың теңге;
9) "Қармақшы ауданы Алдашбай Ахун елді мекеніндегі тұтынушы тұрғын үйлерінің шекарасына су желісін жеткізу құрылысы" жобасының жобалық-сметалық құжатын әзірлеп мемлекеттік сараптамадан өткізуге – 2 450 мың теңге;
10) "Қармақшы ауданы Қуандария елді мекеніндегі тұтынушы тұрғын үйлерінің шекарасына су желісін жеткізу құрылысы" жобасының жобалық-сметалық құжатын әзірлеп мемлекеттік сараптамадан өткізуге – 2 450 мың теңге;
11) "Қармақшы ауданы Көмекбаев елді мекеніндегі тұтынушы тұрғын үйлерінің шекарасына су желісін жеткізу құрылысы" жобасының жобалық-сметалық құжатын әзірлеп мемлекеттік сараптамадан өткізуге – 4 146 мың теңге;
12) "Қармақшы ауданы Қармақшы елді мекеніндегі тұтынушы тұрғын үйлерінің шекарасына су желісін жеткізу құрылысы" жобасының жобалық-сметалық құжатын әзірлеп мемлекеттік сараптамадан өткізуге – 3 888 мың теңге;
13) Төретам кентіндегі көшелерді жарықтандыруға – 206 616 мың теңге;
14) "Туған ел келбеті" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінін жарғылық капиталын ұлғайтуға – 109 822 мың теңге;
15) Жосалы кенті Мүсірбаев көшесі бойындағы коммуналдық меншіктегі ғимаратының құрылысы – 32 472 мың теңге;
16) мал қорымдарының құрылысы – 129 441 мың теңге.
Ескерту. 6-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 17.02.2014 N 146 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 01.01.2014 бастап пайда болған қатынастарға таралады); 28.04.2014 N 173 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 01.01.2014 бастап туындаған қатынастарға таралады); 12.08.2014 N 207 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 01.01.2014 бастап туындаған қатынастарға таралады); 03.11.2014 N 218 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 01.01.2014 бастап туындаған қатынастарға таралады); 02.12.2014 N 222 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 01.01.2014 бастап туындаған қатынастарға таралады) шешімдерімен.
7. 2014 жылға арналған аудандық бюджетте республикалық бюджет қаржысы есебінен төмендегі көлемде нысаналы даму трансферттері қаралғаны ескерілсін:
1) коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін жобалауға, салуға және (немесе) сатып алуға, оның ішінде кезекте тұрғандарға тұрғын үй салуға – 44 160 мың теңге;
2) Қармақшы ауданы Тұрмағамбет елді мекендегі жергілікті су құбырының сумен қамту жүйесін қайта жаңғыртуға 2-кезең – 100 645 мың теңге;
3) Қармақшы ауданы Ақай елді мекенінің сумен қамту жүйесін қайта жаңғырту және кеңейтуге – 150 000 мың теңге;
4) Қармақшы ауданы Жосалы кенті орталығындағы су құбыры желілерінің құрылысына, 4-кезең – 150 000 мың теңге;
5) мамандандырылған уәкілетті ұйымдардың жарғылық капиталдарын ұлғайтуға – 8 099 мың теңге.
Ескерту. 7-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 28.04.2014 N 173 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 01.01.2014 бастап туындаған қатынастарға таралады); 02.12.2014 N 222 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 01.01.2014 бастап туындаған қатынастарға таралады) шешімдерімен.
8. 2014 жылға арналған аудандық бюджетте республикалық бюджет қаржысы есебінен мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыруға берілетін бюджеттік кредиттерге – 194 737 мың теңге қаралғаны ескерілсін.
8-1. Республикалық бюджет қаржысы есебінен ауылдық елді мекендердегі мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыруға берілген бюджеттік кредиттер бойынша сыйақы төлеуге 34 мың теңге қаралғаны ескерілсін.
Ескерту. 8-1-тармақ жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 03.11.2014 N 218 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 01.01.2014 бастап туындаған қатынастарға таралады).
8-2. 2014 жылға жеке тұлғаларға жергілікті бюджеттен республикалық бюджеттің қаржысы есебінен ауылдық елді мекендердегі мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін берілген бюджеттік кредиттердің өтеуі 24 651 мың теңге көлемінде белгіленсін.
Ескерту. 8-2-тармақ жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 12.08.2014 N 207 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 01.01.2014 бастап туындаған қатынастарға таралады).
8-3. 2013 жылы республикалық бюджеттен бөлінген мақсатты трансферттердің пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) 3 049 мың теңгені облыстық бюджетке қайтару ескерілсін.
Ескерту. Шешім 8-3-тармақпен толықтырылды - Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 17.02.2014 N 146 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 01.01.2014 бастап пайда болған қатынастарға таралады).
8-4. 2013 жылы облыстық бюджеттен бөлінген мақсатты трансферттердің пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) 11 417 мың теңгені облыстық бюджетке қайтару ескерілсін.
Ескерту. Шешім 8-4-тармақпен толықтырылды - Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 17.02.2014 N 146 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 01.01.2014 бастап пайда болған қатынастарға таралады).
8-5. 2013 жылы облыстық бюджеттен бөлінген нысаналы даму трансферттердің пайдаланылмаған (түгел пайдаланылмаған) сомасын, олардың нысаналы мақсатын сақтай отырып, 2014 жылы төмендегі бағыттарға пайдаланылсын (түгел пайдаланылсын):
Қармақшы ауданы Жосалы кентіндегі әкімшілік ғимаратының құрылысына – 4 192 мың теңге.
Ескерту. Шешім 8-5-тармақпен толықтырылды - Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 17.02.2014 N 146 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 01.01.2014 бастап пайда болған қатынастарға таралады).
8-6. Электронды құжатайналымының бірыңғай жүйесі орталықтандырылуына байланысты 2014 жылға арналған аудандық бюджеттен облыстық бюджетке 8 463 мың теңге трансфертті қайтару көзделсін.
Ескерту. Шешім 8-6-тармақпен толықтырылды - Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 17.02.2014 N 146 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 01.01.2014 бастап пайда болған қатынастарға таралады).
9. Ауданның жергілікті атқарушы органының 2014 жылға арналған резерві 12 243 мың теңге болып бекітілсін.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 03.11.2014 N 218 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 01.01.2014 бастап туындаған қатынастарға таралады).
10. 2014 жылға арналған аудандық бюджеттің бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыруға бағытталған бағдарламаларының тізбесі 4-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
11. Аудандық бюджеттің орындалуы барысында 5-қосымшаға сәйкес 2014 жылға жергілікті бюджеттік бағдарламалар секвестрлеуге жатпайды деп белгіленсін.
12. Кент, ауылдық округ әкімі аппараттарының 2014-2016 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаларының тізбесі 6, 7, 8-қосымшаларға сәйкес бекітілсін.
13. Осы шешім 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қармақшы аудандық | |
мәслихатының кезекті | |
24-сессиясының төрағасы | М. Бекбаев |
Қармақшы аудандық | |
мәслихат хатшысы | М. Наятұлы |
Қармақшы аудандық мәслихатының 2013 жылғы "25" желтоқсандағы кезекті 24-сессиясының N 140 шешіміне 1-қосымша |
2014 жылға арналған аудандық бюджет
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 02.12.2014 N 222 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 01.01.2014 бастап туындаған қатынастарға таралады).Қармақшы аудандық мәслихатының | |
2013 жылғы "25" желтоқсандағы | |
кезекті 24-сессиясының | |
N 140 шешіміне 2-қосымша |
2015 жылға арналған аудандық бюджет
Қармақшы аудандық мәслихатының | |
2013 жылғы "25" желтоқсандағы | |
кезекті 24-сессиясының | |
N 140 шешіміне 3-қосымша |
2016 жылға арналған аудандық бюджет
Қармақшы аудандық мәслихатының | |
2013 жылғы "25" желтоқсандағы | |
кезекті 24-сессиясының | |
N 140 шешіміне 4-қосымша |
2014 жылға арналған аудандық бюджеттің бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыруға бағытталған бағдарламаларының тізбесі
Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 03.11.2014 N 218 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 01.01.2014 бастап туындаған қатынастарға таралады).Қармақшы аудандық мәслихатының | |
2013 жылғы "25" желтоқсандағы | |
кезекті 24-сессиясының | |
N 140 шешіміне 5-қосымша |
2014 жылға арналған аудандық бюджеттің орындалуы барысында секвестрлеуге жатпайтын жергілікті бюджеттік бағдарламалар тізбесі
Атауы |
Білім беру |
Жалпы білім беру |
Денсаулық сақтау |
Шұғыл жағдайларда сырқаты ауыр адамдарды дәрігерлік көмек көрсететін ең жақын денсаулық сақтау ұйымына жеткізуді ұйымдастыру |
Қармақшы аудандық мәслихатының | |
2013 жылғы "25" желтоқсандағы | |
кезекті 24-сессиясының | |
N 140 шешіміне 6-қосымша |
Кент, ауылдық округ әкімі аппараттарының 2014 жылға арналған бюджеттік бағдарламаларының тізбесі
Ескерту. 6-қосымша жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 02.12.2014 N 222 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 01.01.2014 бастап туындаған қатынастарға таралады).Қармақшы аудандық мәслихатының | |
2013 жылғы "25" желтоқсандағы | |
кезекті 24-сессиясының | |
N 140 шешіміне 7-қосымша |
Кент, ауылдық округ әкімі аппараттарының 2015 жылға арналған бюджеттік бағдарламаларының тізбесі
Қармақшы аудандық мәслихатының | |
2013 жылғы "25" желтоқсандағы | |
кезекті 24-сессиясының | |
N 140 шешіміне 8-қосымша |