Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Сырдария аудандық мәслихатының 22.12.2017 № 161 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасының Жер кодексi" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Кодексiнің 8-бабына, 11-бабының 1-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШТІ:
1. Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Тереңөзек кентінің жерлерін аймақтарға бөлу жобасы (схемасы) мен бағалау аймақтарының шекаралары осы шешімнің 1, 2-қосымшаларына сәйкес бекітілсін.
2. Жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері осы шешімнің 3-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың кезекті | |
ХІV сессиясының төрағасы | Б. Пржанова |
Аудандық мәслихаттың хатшысы | Б. Маншарипов |
2013 жылғы "29" наурыздағы Қызылорда облысы Сырдария аудандық мәслихатының N 116 шешіміне 1-қосымша |
Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Тереңөзек кентінің жерлерін аймақтарға бөлу жобасы (схемасы)
2013 жылғы "29" наурыздағы Қызылорда облысы Сырдария аудандық мәслихатының N 116 шешіміне 2-қосымша |
Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Тереңөзек кенті жерлерінің бағалау аймақтарының шекаралары
Аймақ нөмірі | Жер-кадастрлық кварталдар шекараларымен аймақтардың қиылысу шекаралары | Аймақ ауданы, га |
I | I аймақ (002,003 кварталдары) | 247,0 |
Аймақтың шекарасы, батысынан Майжарма каналымен шектесіп, солтүстігі темір жолмен, шығысынан Әлиакбаров көшесі және А.Тоқмағанбетов көшесімен, оңтүстігінен Айтек каналын бойлай Амангелді көшесімен "Қызылорда-Жалағаш" автомобиль жолымен түйіседі. | ||
II | II аймақ (002, 003, 028 кварталдары) | 551,0 |
Аймақтың солтүстік шығысы темір жолмен Тереңөзек кентінің шегінің оңтүстік-шығыс бөлігі толығымен қамтып, оңтүстігінен Сырдария өзенінің бойымен, "Қызылорда-Жалағаш" автомобиль жолымен солтүстікке қарай Амангелді, Әлиакбаров пен А.Тоқмағанбетов көшесін бойлай темір жолмен түйіседі. | ||
ІІІ | ІІІ аймақ (001 квартал) | 219,0 |
Аймақтың шекарасы батысынан Айтбай каналы бойымен, солтүстігі темір жол бойымен, шығысы Майжарма каналы бойымен, оңтүстігі Айтек каналы бойымен өтеді. | ||
IV | IV аймақ (003 квартал,028 квартал) | 330,0 |
Аймақ шекарасын темір жолдың бойы Тереңөзек кенті аймағының түгелімен солтүстігін қамтиды;Сырдария өзенінің солтүстік батысынан және солтүстік шығысынан Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 тамыздағы "Орман қоры жерінің жекелеген учаскелерін басқа санаттағы жерге ауыстыру туралы" N 957 Қаулысына сәйкес орман қоры жерлерінің санатынан елді мекендер санатына ауыстырылған Тереңөзек кентіне қосымша табысталған жер учаскелері қамтиды. | 1347,0 |
2013 жылғы "29" наурыздағы Қызылорда облысы Сырдария аудандық мәслихатының N 116 шешіміне 3-қосымша |
Жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері
Аймақтың нөмірі | Жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері |
I | 2.0 |
II | 1.8 |
III | 1.6 |
IV | 1.4 |