РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Түпқараған аудандық мәслихаты мен Түпқараған ауданы әкімдігінің Түпқараған ауданының Баутин поселкесін «ауыл» санатына жатқызу туралы ұсынысын қарай келіп және «Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылыcы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы заңының 11-бабының 3) тармақшасына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ және облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Түпқараған ауданының Баутин поселкесі «ауыл» санатына жатқызылсын.
2. Осы қаулы мен шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және олар алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі А. Айдарбаев
Сессия төрағасы М. Ибағаров
Облыстық
мәслихат хатшысы Б. Жүсіпов