Түпқараған ауданының Баутин поселкесін "ауыл" санатына жатқызу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2013 жылғы 02 шілдедегі № 189 қаулысы және Маңғыстау облысы мәслихатының 2013 жылғы 02 шілдедегі № 11/165 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінің 2013 жылғы 03 шілдеде № 2260 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Түпқараған аудандық мәслихаты мен Түпқараған ауданы әкімдігінің Түпқараған ауданының Баутин поселкесін «ауыл» санатына жатқызу туралы ұсынысын қарай келіп және «Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылыcы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы заңының 11-бабының 3) тармақшасына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ және облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Түпқараған ауданының Баутин поселкесі «ауыл» санатына жатқызылсын.
      2. Осы қаулы мен шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және олар алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Облыс әкімі                             А. Айдарбаев

      Сессия төрағасы                         М. Ибағаров

      Облыстық
      мәслихат хатшысы                        Б. Жүсіпов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады