РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қарақия аудандық мәслихаты мен Қарақия ауданы әкімдігінің Қарақия ауданының Болашақ ауылдық округін құру туралы ұсынысын қарай келіп, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. «Қарақия ауданының Болашақ селолық округін құру туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2012 жылғы 5 желтоқсандағы № 308 қаулысына және Маңғыстау облыстық мәслихатының 2012 жылғы 7 желтоқсандағы № 7/82 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2195 болып тіркелген, 2013 жылғы 19 қаңтарда «Маңғыстау» газетінде жарияланған) төмендегідей өзгерістер енгізілсін:
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қарақия ауданында әрқайсысының халық саны кемінде 50 адамды құрайтын Болашақ және Бопай станциялары негізінде Болашақ және Бопай ауылдары құрылсын.
Әрқайсысының халық саны 50 адамнан кем Бестөрткүл, Құрмаш, Тайғыр разъездері Болашақ ауылының құрамында есепке алынсын.
Әрқайсысының халық саны 50 адамнан кем Ақбөбек, Бастау разъездері Бопай ауылының құрамында есепке алынсын.
2. Осы қаулы мен шешімнің қосымшасына сәйкес Болашақ және Бопай ауылдарының негізінде Қарақия ауданында жалпы аумағы 15043,26 га құрайтын және орталығы Болашақ ауылы болатын Болашақ ауылдық округі құрылсын.».
2. Осы қаулы мен шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және олар алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі А. Айдарбаев
Сессия төрағасы Р. Борашов
Облыстық
мәслихат хатшысы Б. Жүсіпов