РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Қазақстан Республикасы Заңының 31 бабына, "Сауда қызметін реттеу туралы" 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 8 және 27 баптарына, " Ішкі сауда ережесін бекіту туралы " 2005 жылғы 21 сәуірдегі № 371 және " Тамақ өнімдерінің көтерме және бөлшек сауда объектілеріне қойылатын санитариялық - эпидемиологиялық талаптар " санитариялық қағидаларын бекіту туралы " 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 88 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларына сәйкес, Ақтау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақтау қаласында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген сауда орындары 1 және 2 қосымшаларға сәйкес белгіленсін:
Ескерту. 1 - тармаққа жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Ақтау қаласы әкімдігінің 08.07.2014 № 932 (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
2. Ақтау қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 11 мамырдағы № 263 "Ақтау қаласының аумағында арнайы бөлінген орындарда жеміс - көкөніс және бақша өнімдерін сататын уақытша сауда алаңдарын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11-1-180 болып тіркелген, 2012 жылғы 12 маусымдағы № 103 "Маңғыстау" газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Б.Ж.Ұлықбановқа жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | Е.Жаңбыршин |
"КЕЛІСІЛДІ":
"Ақтау қаласы бойынша мемлекеттік
санитарлық - эпидемиологиялық
қадағалау басқармасы"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
С.Утеева
2013 жылғы 10 маусым
"КЕЛІСІЛДІ":
"Ақтау қалалық жер қатынастары бөлімі"
мемлекеттік мекемесі басшысы
И.Бапанаев
2013 жылғы 10 маусым
"КЕЛІСІЛДІ":
"Ақтау қалалық кәсіпкерлік бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
Ж. Тоқбаева
2013 жылғы 10 маусым
"КЕЛІСІЛДІ":
"Ақтау қалалық тұрғын - үй
коммуналдық шаруашылығы,
жолаушылар көлігі және
автомобиль жолдары бөлімі"
мемлекеттік мекемесі басшысының м.а.
М.Айтжанов
2013 жылғы 10 маусым
"КЕЛІСІЛДІ":
"Ақтау қаласының ішкі істер басқармасы"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
Б.Ақшауов
2013 жылғы 10 маусым
қала әкімдігінің 08 шілде | |
2014 жылғы № 932қаулысына | |
1 қосымша |
Ақтау қаласының аумағында арнайы бөлінген орындарда жеміс-көкөніс және бақша өнімдерін сататын уақытша сауда орындарының
ТІЗБЕСІ
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Ақтау қаласы әкімдігінің 08.07.2014 № 932 (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.қала әкімдігінің 08 шілде 2014 жылғы | |
№ 932 қаулысына 2 қосымша |