Ескерту. Күші жойылды-Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 19.05.2022 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 18-бабының 22) тармақшасына және 31-бабына, 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Премьер - Министрінің 2011 жылғы 18 сәуірдегі № 49-ө "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" өкіміне сәйкес, Жаңаөзен қаласы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды келіп түсу және пайдалану Қағидасы бекітілсін.
2. "Жаңаөзен қалалық қаржылар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Р.Джантлеуова):
осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, кейіннен бұқаралық ақпарат құралдарында және уәкілетті мемлекеттік органның интернет - ресурстарында жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Н.Худибаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | С. Трұмов |
Келісілді:
"Жаңаөзен қалалық ауыл шаруашылығы
және ветеринария бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің басшысының міндетін атқарушы
Ш. Жалжанов
"Жаңаөзен қалалық қаржылар бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
Р. Джантлеуова
Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 06 тамыздағы № 437 қаулысымен бекітілген |
Коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды келіп түсу және пайдалану Қағидасы 1. Жалпы ережелер
1. Осы қағида Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексіне, 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына сәйкес жасақталды және коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды келіп түсу және пайдалану тәртібін айқындайды.
2. Қараусыз қалған жануарлар қалалық коммуналдық меншікке Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 246-бабының 3-тармағына сәйкес келіп түседі, егер алты ай ішінде жұмыс малы мен iрi қара малды,басқа үй жануарларын екi ай iшiнде ұстап алғаны туралы мәлiмделген кезден бастап және олардың меншiк иесi табылмаса және оларға өзiнiң құқығы туралы мәлiмдемесе, бұл жануарларға меншiк құқығы жануарларды баққан және пайдаланған адамға көшедi.Бұл адам бағуында болған жануарларды меншiгiне алудан бас тартқан жағдайда олар коммуналдық меншiкке түседi және жергілікті атқарушы органның белгiленген тәртiбі бойынша пайдаланылады.
2. Жануарлардың қалалық коммуналдық меншікке түсуі
3. Жануарлардың қалалық коммуналдық меншікке түсуі тапсыру - қабылдау актісі негізінде жүзеге асырылады. Тапсыру - қабылдау актісі, жануарларды тапсырған тұлғаның, тиісті қала әкімінің (бұдан әрі – әкім), "Жаңаөзен қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi – ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлiмi) және "Жаңаөзен қалалық қаржылар бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiнiң (бұдан әрi – қаржылар бөлiмi) жауапты қызметкерлерiнiң қатысуымен жасалады. Тапсыру-қабылдау актісін қаржы бөлімінің басшысы немесе оны алмастыратын лауазымды тұлға бекітеді.
Тапсыру - қабылдау актісінде міндетті түрде қалалық коммуналдық меншікке түсетін жануарлардың жасы, тұқымы, түр - түсі, жынысы, күйі және саулығы көрсетілуі тиіс.
4. Қараусыз немесе қаңғып жүрген малды және басқа да үй жануарларын немесе қолға үйретiлген жануарларды ұстап алған адам оларды меншiк иесiне қайтаруға, ал егер оның өзi немесе тұрған жерi белгiсiз болса, осындай жануарларды ұстаған кезден бастап үш күннен кешiктiрмей табылған жануарлар туралы iшкi iстер органына немесе жергiлiктi атқарушы органға мәлiмдеуге мiндеттi, олар меншiк иесiн iздестiру шараларын қолданады.
Жануарлардың меншiк иесiн iздестiру кезеңiнде жануарларды ұстаушы адам оларды өзiнiң бағуында және пайдалануында қалдыруы, не ол бағу мен пайдалану үшiн қажеттi жағдайы бар басқа адамға тапсыруы мүмкiн. Жануарларды ұстап алған адамның өтiнiшi бойынша оларды бағу мен пайдалану үшiн қажеттi жағдайы бар адамды iздеп табуды және оларға жануарларды берудi жергiлiктi атқарушы органы жүзеге асырады. Жануарларды ұстап алған адам және олар бағуы мен пайдалануына берiлген адам жануарлардың өлiм-жiтiмi мен iске жарамай қалғаны үшiн бұған кiнәсi болған кезде ғана және сол жануарлардың құны мөлшерiнде жауапты болады. Егер жұмыс малы мен iрi қараны ұстап алғаны туралы мәлiмделген кезден бастап алты ай iшiнде және басқа үй жануарлары жөнiнде - екi ай iшiнде олардың меншiк иесi табылмаса және оларға өзiнiң құқығы туралы мәлiмдемесе, бұл жануарларға меншiк құқығы жануарларды баққан және пайдаланған адамға көшедi.Бұл адам бағуында болған жануарларды меншiгiне алудан бас тартқан жағдайда олар коммуналдық меншiкке түседi және тиiстi жергiлiктi атқарушы органы белгiлейтiн тәртiп бойынша пайдаланылады. Жануарларды меншiк иесiне қайтарған ретте жануарларды ұстап алған адам және жануарларды бағып, пайдаланып келген адам сол меншiк иесiнен жануарларды пайдаланудан алынған пайданы есепке жатқыза отырып, оларды бағуға байланысты өз шығындарына өтем алуға құқылы. Қараусыз немесе қаңғып жүрген малды және басқа да үй жануарларын немесе қолға үйретiлген жануарларды ұстап алған адам олардың меншiк иесiнен Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексінің 245-бабының 6-тармағына сәйкес сыйақы төлеудi талап етуге құқылы.
Жануарлар басқа адамның меншiгiне көшкеннен кейiн олардың бұрынғы меншiк иесi келген ретте сол жануарлардың өзiне үйiрсектiгi сақталғанын немесе жаңа меншiк иесiнiң оларға қатал не өзгедей мейiрiмсiз қарағанын дәлелдейтiн жағдайлар болған кезде меншiк иесi жаңа меншiк иесiмен келiсiм бойынша белгiленетiн шарттармен, ал келiсiмге келмеген кезде - сот арқылы оларды өзiне қайтарып берудi талап етуге құқылы.
3. Жануарларды уақытша күтімге алу
5. Қалалық коммуналдық меншікке түскен жануарлар оларды уақытша күтімге алу үшін әкім анықтаған жеке адамдарға не шаруа немесе фермер қожалықтарына немесе мемлекеттік заңды тұлғалардың қосалқы шаруашылықтарына 6 (алты) айға дейінгі мерзімге келісім шарт негізінде бекітіліп беріледі.
6. Әкім жануарларды уақытша күтімге алатын тұлғаларды анықтау кезінде, олардың жануарларды күтімге алу жағдайына алдын-ала зерттеу жүргізеді. Жануарларды уақытша күтімге алушы тұлғаны анықтау кезінде, міндетті түрде күтімге алатын тұлғаның жануарды бағып - күтетін орын - жайының (қорасы, ауласы), құрал - сайманының, тәжірибесінің болуы сонымен қатар, жануарларға адамгершілік тұрғыда қарай алатын әдiлдiк, адалдық, ізгiлiк, қайырымдылық, мейірімділік, түсiну сияқты қасиеттері ескерілуі тиіс.
Жабдықталған торларды, аквариумдарды, террариумдарды, бассейндердi, шарбақтарды және басқа да арнаулы учаскелер мен (немесе) үй-жайларды (бұдан әрi – үй-жайлар) қоса алғанда, жануарларды ұстау үшiн жағдайлар болған кезде олар ерiксiз және жартылай ерiктi жағдайларда ұсталады.
Ерiксiз немесе жартылай ерiктi жағдайларда ұсталатын жануарлар түрiне, жынысына, физиологиялық жай - күйiне байланысты өздерiнiң биологиялық ерекшелiктерiне сәйкес:
1) демалу, орын ауыстыру және табиғи қалпын қабылдау мүмкiндiгi үшiн кеңiстiк көлемiмен (iндер, ұялар, жасырын баспаналар, қалқалар, тоғандар және басқалар);
2) қажет болған жағдайда олардың қозғалу, ұйықтау, табиғи белсендiлiк таныту, табиғи ортамен байланыс жасау, қоректену және су iшу қажеттiлiгiн қанағаттандыру мүмкiндiгiмен;
3) астаулармен, суаттармен, құстар келiп қонатын сырықтармен және олардың табиғи қажеттiлiктерiн қанағаттандыруға арналған басқа да жабдықтармен;
4) жем - шөппен және iшетiн сумен;
5) зоотехникалық және ветеринариялық iс-шаралармен қамтамасыз етiледi.
Ерiксiз жағдайда ұсталатын жануарлар:
-үй - жайды тыныс - тiршiлiк өнiмдерiнен тазарту жүйесiмен;
-үй - жайды лас ауаны сыртқа шығарып, желдету және суды аэрациялау жүйесiмен, артық суды ағызып жiберетiн жабық дренаж жүйелерiмен қамтамасыз етiледi.
Ерiксiз және жартылай ерiктi жағдайларда ұсталатын жануарларға күтiм жасау басқа жануарларға зиян келтiрмеудiң алдын алу шаралары қолданылып және қызмет көрсететiн персонал мен келушiлердiң қауiпсiздiк жағдайлары қамтамасыз етiле отырып жүргiзiледi. Үй-жайлар оңай ашылатын құлыптармен, iлмектермен және басқа да оқшаулау құрылғыларымен, олардың өздiгiнен ашылып кетiп, жануарлардың үй-жайдан тысқары жерлерге кетiп қалуына жол бермейтiн бекiткiштермен жабдықталады.
Аквариум әйнектерiн қабырғаларға, темiр және басқа да металл жақтауларға жұмсақ амортизатор төсемдерiнсiз орнатуға жол берiлмейдi.
Террариумдарда тамашалау терезелерi сынбайтын шыныдан немесе басқа да сынбайтын мөлдiр полимер материалдардан жасалады.
Торлар, бассейндер және шарбақтар, үй-жайлардың iшкi және сыртқы қоршаулары жануарлардың өмiрi мен саулығына қатер төндiрмеуге тиiс.
Зерттеу қорытындысы қаржы бөліміне ұсыныспен қоса жолданады.
Жеке қосалқы шаруашылықтарда елдi мекендердiң шекаралары шегiнде мал ұстаудың келесідей ветеринарлық нормативтерi сақталуы тиіс:
Жануар түрлерi | Барлығы 1 басқа керектi тұрақ көлемi, кв.м |
Iрi қара мал: сиыр | 35,8 |
қашар | 29,1 |
12-18 ай арасындағы | 27,7 |
3-12 ай арасындағы | 19 |
3 айлық арасындағы төлдер | 7,6 |
Жылқы: бие | 38,4 |
1 жастан жоғары | 30,1 |
1 жасқа дейiнгi төлдер | 14,4 |
Қой: аналық қой | 11,6 |
1 жастан жоғары жас қойлар | 8,4 |
Қозы | 3,05 |
Ешкi: аналық ешкi | 11,7 |
1 жастан жоғары | 6,3 |
Шошқа: аналық | 24,2 |
4 айлық жастан жоғары | 9,8 |
2-4 айлық жастан арасындағы | 7,5 |
2 айлық жастан | 1,9 |
Түйе | - |
Тауық жұмыртқабасар | 1,7 |
Қаз аналық | 2,8 |
Үйрек аналық | 2,7 |
** барлық нормативтер есебiне мынадай тұрақ көлемi кiредi: 1 басқа арналған тұрақ көлемi, серуен алаңы, азық сақтау, шөп қора қоймасы, қи төсек қоймасы, жемсауыт түйе малының нормативтiк тұрақ көлемi iрi қара малдарының нормативтiк тұрақ көлемiнде теңдестiрiлген.
4. Елдi мекендер үшiн ауыл шаруашылық пайдаланымындағы жерлерде малдарды бағу жүктемесiнiң ветеринарлық нормативтерi
Қазақстан Республикасы аумағында доминантты жайылым түрлерiндегi ауылшаруашылық жануарларының жайылым жүктемесi:
Аумақ | Аймақтар бойынша жайылымдар- дың жалпы өнiмдiлiгi а.б, ц/га | Жайылымға ауылшаруашылығы жануарларының жайылым жүктемесi, га/1 басына, қалпына келген/деградацияланған | |||||||
Iрiқара малдар | қой мен ешкiлер | жылқылар | түйелер | ||||||
Жайы- лым типi бойын- ша | Аймақ бойын- ша | Жайы- лым типi бойын-ша | аймақ бойын- ша | Жайы- лым типi бойын- ша | аймақ бойын- ша | Жайы- лым типi бойын- ша | аймақ бойын- ша | ||
Батыс аумағы | 3,0/1,5 | 11,3/ 17,1 | 13,2/19,5 | 2,2/ 3,4 | 2,6/ 3,9 | 13,5/20,4 | 15,8/23,4 | 15,8/26,9 | 18,9/27,3 |
Доминантты жайылым түрлерiндегi ауылшаруашылық жануарларының жайылым жүктемесi:
Эколо- го-гео- графия-лықау- дан- дар (аймақ- тар) | Жайылым типтерi (басымы) | Аймақ- тар бойын- ша жайы- лым- дардың жалпы өнiм- дiлiгi а.б, ц/га | Жайылымға ауылшаруашылығы жануарларының жүктемесi, га/1 басына, қалпына келген/деградацияланған | |||||||
Iрiқара мал | қой мен ешкi | жылқылар | түйелер | |||||||
жайы- лым типi бойын- ша | аймақ бойын- ша | Жайы- лым типi бойын- ша | ай- мақ бойын- ша | жайы- лым типi бойын- ша | аймақ бойын- ша | жайы- лым типi бойын- ша | аймақ бойын- ша | |||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
Нағыз (орта) шөлейт | Қоңыржусанды- қоңырбасты- дәрежелiлер | 2,2/ 1,0 | 12,0/ 18,0 | 2,4/ 3,6 | 14,6/ 21,6 | 16,8/ 25,2 | ||||
Қоңыржусанды- итсигектiмен- қаражусанды- биұрғанды | 12,0/ 18,0 | 12,5/ 18,5 | 2,4/ 3,6 | 2,5/ 3,7 | 14,4/ 21,6 | 15,0/ 22,2 | 16,8/ 25,2 | 17,5/ 25,9 | ||
Мортықты- итсигектi- ебелектi | 14,0/ 21,0 | 2,8/ 4,2 | 16,8/ 25,2 | 19,6/ 29,4 | ||||||
Қоңыржусанды- кейреуiктi- доланалы | 11,0/ 16,5 | 2,2/ 3,3 | 13,2/ 19,8 | 13,2/ 19,8 | ||||||
Биұрғанды- кейреуiктi мен қоңыржусанды | 14,5/ 21,5 | 2,9/ 4,3 | 17,4/ 25,8 | 20,3/ 30,1 |
7. Жануарларды уақытша күтімге алушы тұлғамен келісім шарт әкімнің ұсынысы негізінде қаржы бөлімімен жасақталады.
8. Жануарларды күтімге алу шығыны күтуші тұлғаға қаржы бөлімімен жергілікті бюджет есебінен өтеледі. Өтеу шығынына сол жердегі нарықтық бағамен белгіленген зоотехникалық нормаға негізделген жем - шөптің құны және күтушінің еңбек ақысы кіреді. Күтушінің еңбек ақысының мөлшері Қазақстан Республикасы заңында белгіленген айлық жалақының ең төменгі мөлшерінен кем болмауы және мемлекеттік заңды тұлғалар қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу жүйесінде белгіленген мөлшерден артық болмауы тиіс. Өтеу шығынынан жануарларды күтімге алу кезеңінде олардан түскен пайда сол елді мекендегі нарықтық бағамен есептеп шегеріледі.
9. Жануарларды күтімге алған тұлға олардың өлім - жітімі мен жарамсыздығына кінәсі болған жағдайда, сол жануардың құны мөлшерінде жауапты болады.
10. Қалалық коммуналдық меншікке түскен жануарларды ветеринариялық қадағалау және жұқпалы ауруларға қарсы егу іс - шаралары ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің қадағалауымен жүзеге асырылады. Ветеринариялық қадағалау және егу шығындары жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылады.
5. Жануарларды бағалау, есепке алу және бекітіп беру
11. Қалалық коммуналдық меншікке түскен жануарларды одан әрі пайдалану үшін оларды қалалық коммуналдық мүліктер тізбесіне енгізу және бағалау (қайта бағалау) жүргізіледі. Тізбеге енгізу және бағалау (қайта бағалау) жөніндегі жұмыстарды Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы бөлімі жүзеге асырады.
12. Бағалау жүзеге асырылғаннан кейін, жануарлар қала әкімдігінің қаулысымен тиісті қабылдау - беру актісі негізінде әкім аппаратының теңгеріміне бекітіліп беріледі. Теңгерімге алу Қазақстан Республикасы Үкіметі белгілеген тәртіппен қабылдау - беру актісі негізінде жүзеге асырылады.
6. Жануарларды одан әрі пайдалану
13. Қалалық коммуналдық меншікке түскен қараусыз жануарлар мынадай тәсілдердің біреуімен пайдаланылады:
1) қосалқы шаруашылығы бар мемлекеттік заңды тұлғалардың теңгеріміне өтеусіз беру;
2) аукцион арқылы сату;
3) сауда ұйымдары арқылы сату;
4) жануарларды (ауыл шаруашылығы жануарлары мен үй құстарынан басқа) қорғайтын арнайы орындарға немесе жеке адамдарға өтеусіз беру.
14. Қалалық коммуналдық меншікке түскен жануарларды одан әрі пайдалану тәсілін әрбір нақты жағдайда қала әкімдігінің қаулысымен құрылған комиссия (бұдан әрі - Комиссия) жануарлар уақытша күтімге берілген мерзім ішінде шешеді. Комиссия шешімі хаттамамен рәсімделеді. Комиссияның міндетті құрамына қосымша шаруашылығына не жануарларды (жануардың түріне байланысты) арнаулы қорғау орындарына ие еткен мемлекеттік заңды тұлғалар мен мемлекеттік мекеме өкілдері енгізілуі қажет. Комиссия құрамы бес адамнан кем болмауы керек.
7. Жануарларды бұрынғы меншік иесіне қайтару
15. Жануарлар басқа адамның меншiгiне көшкеннен кейiн олардың бұрынғы меншiк иесi келген ретте сол жануарлардың өзiне үйiрсектiгi сақталғанын немесе жаңа меншiк иесiнiң оларға қатал не өзгедей мейiрiмсiз қарағанын дәлелдейтiн жағдайлар болған кезде меншiк иесi жаңа меншiк иесiмен келiсiм бойынша белгiленетiн шарттармен, ал келiсiмге келмеген кезде - сот арқылы оларды өзiне қайтарып берудi талап етуге құқылы.
16. Жануарларды қайтару бұрынғы меншік иесінің, оларды бағуға байланысты шығынды жергілікті бюджет кірісіне жануарларды пайдаланудан алынған табысты шегере отырып өтегеннен кейін жүзеге асырылады.
17. Жануарлар бұрынғы меншік иесінен оларды қайтару жөнінде өтініш түскенге дейін сатылып кеткен немесе басқа меншік иесіне өтеусіз беріліп кеткен жағдайда, жануарларды сатудан түскен түсім немесе оның құны жергілікті бюджет есебінен өтеледі. Бұл жағдайда, жануарды бағуға байланысты жұмсалған қаржының мөлшері шегеріледі.
18. Жануарларды қайтару немесе оның құнын өтеу бұрынғы меншік иесі қаржы бөлімі арасында жасалатын келісім - шартпен рәсімделеді.
8. Қорытынды ережелер
19. Жануарды сатудан түскен қаражат заңнамада белгіленген тәртіппен жергілікті бюджет кірісіне толық есептеледі.
20. Жануарды есепке алумен, бағалаумен, сатумен және өтеусіз берумен байланысты шығындар жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Коммуналдық меншiкке келiп түскен қараусыз қалған жануарлардың келiп түсу және пайдалануды айқындайтын комиссиясы
Худибаев Нурберген қала әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы
Тураков Аманхос "Жаңаөзен қалалық ауыл Джиенбаевич шаруашылығы және ветеринария бөлімі" ММ-сі басшысы, комиссия төрағасының орынбасары
Сарбекова Сауле "Жаңаөзен қалалық ауыл Утеулиевна шаруашылығы және ветеринария бөлімі" ММ-сі инспекторы, комиссия хатшысы
Комиссия мүшелері:
Байжанов Галым "НұрОтан" ХДПтөрағасының бірінші Улыкпанович орынбасары /келісім бойынша/
Нуржауов Бакыт "Қазақстан Республикасы Ауыл Аманович шаруашылығы Министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Жаңаөзен қалалық аумақтық инспекциясы" ММ-сі басшысы/келісім бойынша/
Гумарова Нуржума "Жаңаөзен қалалық экономика және Бопышевна бюджеттік жоспарлау бөлімі" ММ-сі басшысы
Джантлеуова Раушан "Жаңаөзен қалалық қаржылар бөлімі" Калдыкуловна ММ-сі басшысы
Нуртаев Амандык "Жаңаөзен қалалық ветеринариялық Утенович стансасы" МКК-нің директоры