Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37 - бабына және Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 - бабына сәйкес, Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жаңаөзен қаласының әкімі | А. Косуаков |
Жаңаөзен қаласының әкімдігі | |
2022 жылғы 19 мамырдағы | |
№ 256 қаулысына қосымша |
Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы әкімдігінің күші жойылды деп танылған қаулылар тізбесі
1. Жаңаөзен қаласы әкімдігінің "Коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды келіп түсу және пайдалану Қағидасын бекіту туралы" 2013 жылғы 6 тамыздағы № 437 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2290 болып тіркелген).
2. Жаңаөзен қаласы әкімдігінің "Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" 2017 жылғы 8 ақпандағы № 76 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3277 болып тіркелген).
3. Жаңаөзен қаласы әкімдігінің "Жаңаөзен қаласының елді мекендеріндегі салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы" 2020 жылғы 22 желтоқсандағы № 691 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4397 болып тіркелген).