Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 01.08.2019 № 322 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Тарихи–мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шілдедегі Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қостанай облысының жергілікті маңызы бар Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін бекіту туралы" Қостанай облысы әкімдігінің 2010 жылғы 1 маусымдағы № 207 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3729 болып тіркелген, 2010 жылғы 14 шілдеде, 2010 жылғы 20 шілдеде, 2010 жылғы 21 шілдеде, 2010 жылғы 23 шілдеде, 2010 жылғы 27 шілдеде "Қостанай таңы" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген, Қостанай облысының жергілікті маңызы бар Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміндегі:
реттік нөмірі 556 жол жаңа редакцияда жазылсын:
"
556. | Бірінші жер мекемесінің ауруханасының ғимараты, Ұлы Отан соғысы жылдары № 3597 госпиталь, 1913 жыл. | қала құрылысы және сәулет | 1 Май көшесі, 151 |
";
реттік нөмірі 572 жол жаңа редакцияда жазылсын:
"
572. | Кәсіпорыншы Столдың үйі, XIX ғасырдың соңы – XX ғасырдың басы | қала құрылысы және сәулет | Қасымқанов көшесі, 26 |
";
реттік нөмірі 574 жол жаңа редакцияда жазылсын:
"
574. | Реалдық училище, XX ғасырдың басы | қала құрылысы және сәулет | Пролетарская көшесі, 86 |
".
2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қостанай | |
облысының әкімі | Н. Садуақасов |
КЕЛІСІЛДІ: | |
"Қостанай облысы әкімдігінің | |
мәдениет басқармасы" ММ бастығы | |
___________________ Л. Сероус |