Әкімдіктің 2011 жылғы 14 қазандағы № 414 "Қостанай облысының коммуналдық мүлкін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидасын бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қостанай облысы әкімдігінің 2013 жылғы 1 сәуірдегі № 128 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 30 сәуірде № 4120 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 2014 жылғы 4 мамырдағы № 190 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 04.05.2014 № 190 қаулысымен.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексіне, "Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңына сәйкес Қостанай облысының әкiмдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қостанай облысы әкімдігінің "Қостанай облысының коммуналдық мүлкін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидасын бекіту туралы" 2011 жылғы 14 қазандағы № 414 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3784 болып тіркелген, 2011 жылғы 24 қарашада "Костанайские новости" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген Қостанай облысының коммуналдық мүлкін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидасындағы (бұдан әрі – Қағида):
      6-тармақтың 3) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
      "3) заңды тұлғалар үшін: салыстыру үшін құжаттардың түпнұсқаларын міндетті түрде ұсынған кезде заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың немесе куәліктің, құрылтай құжаттарының көшірмелері;
      жеке тұлғалар үшін: салыстыру үшін құжаттардың түпнұсқаларын міндетті түрде ұсынған кезде жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің, жеке басын растайтын құжаттың, азаматтарды тіркеу кітабының (мекенжай анықтамасы) көшірмелері;";
      16-тармақтың 1), 2) тармақшалары жаңа редакцияда жазылсын:
      "1) заңды тұлғалар үшiн: салыстыру үшін құжаттардың түпнұсқаларын міндетті түрде ұсынған кезде заңды тұлғаны мемлекеттік тiркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың немесе куәліктің, құрылтай құжаттарының көшiрмелерi;
      2) жеке тұлғалар үшiн: салыстыру үшін құжаттардың түпнұсқаларын міндетті түрде ұсынған кезде, жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің, жеке басын растайтын құжаттың, азаматтарды тіркеу кітабының (мекенжай анықтамасы) көшiрмелерi;".
      2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай
      облысының әкімі                            Н. Садуақасов

О внесении изменений в постановление акимата от 14 октября 2011 года № 414 "Об утверждении Правил передачи коммунального имущества Костанайской области в имущественный наем (аренду)"

Постановление акимата Костанайской области от 1 апреля 2013 года № 128. Зарегистрировано Департаментом юстиции Костанайской области 30 апреля 2013 года № 4120. Утратило силу - Постановлением акимата Костанайской области от 4 мая 2014 года № 190

      Сноска. Утратило силу - Постановлением акимата Костанайской области от 04.05.2014 № 190.

      В соответствии с Кодексом Республики Казахстан от 10 декабря 2008 года "О налогах и других обязательных платежах в бюджет (Налоговый кодекс)", Законом Республики Казахстан от 12 января 2007 года "О национальных реестрах идентификационных номеров" акимат Костанайской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Внести в постановление акимата Костанайской области "Об утверждении Правил передачи коммунального имущества Костанайской области в имущественный наем (аренду)" от 14 октября 2011 года № 414 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 3784, опубликовано 24 ноября 2011 года в газете "Костанайские новости") следующие изменения:
      в Правилах передачи коммунального имущества Костанайской области в имущественный наем (аренду), утвержденных вышеуказанным постановлением (далее - Правила):
      подпункт 3) пункта 6 изложить в новой редакции:
      "3) для юридических лиц: копии справки либо свидетельства о государственной регистрации (перерегистрации) юридического лица, учредительных документов, при обязательном предъявлении оригиналов документов для сверки;
      для физических лиц: копии свидетельства о государственной регистрации индивидуального предпринимателя, документа, удостоверяющего личность, книги регистрации граждан (адресная справка), при обязательном предъявлении оригиналов документов для сверки;";
      подпункты 1), 2) пункта 16 изложить в новой редакции:
      "1) для юридических лиц: копии справки либо свидетельства о государственной регистрации (перерегистрации) юридического лица, учредительных документов, при обязательном предъявлении оригиналов документов для сверки;
      2) для физических лиц: копии свидетельства о государственной регистрации индивидуального предпринимателя, документа, удостоверяющего личность, книги регистрации граждан (адресная справка), при обязательном предъявлении оригиналов документов для сверки;".
      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким
      Костанайской области                       Н. Садуакасов