"Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 11 сәуірдегі № 333 қаулысына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қостанай облысы әкімдігінің 2010 жылғы 30 қаңтардағы № 54 "Қостанай облысы аумағындағы елді мекеннің құрамдас бөліктеріне атау беру және атауын қайта өзгерту тәртібін жүргізу жөніндегі ережелерін, жер телімдеріне, ғимараттарға және құрылыстарға реттік нөмірлер беру талаптарын бекіту туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3704 болып тіркелген, 2010 жылғы 23 ақпанда "Қостанай таңы" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда аталған қаулының қазақ тіліндегі тақырыбы мен 1-тармағындағы"ережелерін" және "ережелер" деген сөздер "қағидаларын" және "қағидалар" деген сөздермен ауыстырылсын, орыс тіліндегі тақырыбы мен мәтіні өзгерілмейді;
жоғарыда аталған қаулымен бекітілген Қостанай облысы аумағындағы елді мекеннің құрамдас бөліктеріне атау беру және атауын қайта өзгерту тәртібін жүргізу жөніндегі ережелер, жер телімдеріне, ғимараттарға және құрылыстарға реттік нөмірлер беру талаптарының (бұдан әрі – Қағида) қазақ тіліндегі тақырыбындағы "ережелер" деген сөз "қағидалар" деген сөзбен ауыстырылсын, орыс тіліндегі тақырыбы өзгерілмейді;
Қағиданың бүкіл мәтіні бойынша "ережелер", "Ереже", "Ережеде", "Ереженің", "Ережеге" деген сөздер "қағидалар", "Қағида", "Қағидада", "Қағиданың", "Қағидаға" деген сөздермен ауыстырылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгерілмейді.
2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қостанай облысының әкімі | Н. Садуакасов |
КЕЛІСІЛДІ
"Қостанай облысы әкімдігінің
Сәулет және қала құрылысы
Басқармасы" ММ басшысы
_______________ С. Омарова