"Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне мемлекеттiк басқару органдары арасындағы өкiлеттiктердiң аражiгiн ажырату мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2013 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қостанай облысы әкімдігінің 2012 жылғы 24 қыркүйектегі № 410 "Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3840 тіркелген, 2012 жылғы 9 қазанда "Костанайские новости" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
жоғарыда аталған қаулының кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, "Дiни қызмет және дiни бiрлестiктер туралы" 2011 жылғы 11 қазандағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 7) тармақшасына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:".
2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі Н. Садуақасов
КЕЛІСІЛДІ:
"Қостанай облысы әкімдігінің
ішкі саясат басқармасы" ММ
басшысының міндетін атқарушы
_______________ Б. Ақкожина