Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы

Жаңартылған

Қостанай облысы әкімдігінің 2012 жылғы 24 қыркүйектегі № 410 қаулысы. Қостанай облысы Әділет Департаментінде 2012 жылғы 04 қазанда № 3840 тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, "Дiни қызмет және дiни бiрлестiктер туралы" 2011 жылғы 11 қазандағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 7) тармақшасына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Қостанай облысы әкімдігінің 09.10.2013 № 387 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      1. Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуы қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі                                      Н. Садуақасов

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Қазақстан Республикасы
      Діни істері агенттігінің
      Қостанай облысы Дін істері
      департаменті" мемлекеттік
      мекемесінің директоры
      ______________ Н. Нөгербеков

      "Қостанай облысы
      әкімдігінің ішкі саясат
      басқармасы" ММ бастығы
      ______________ Ж. Бисимбаев

Әкімдіктің        
2012 жылғы 24 қыркүйектегі 
№ 410 қаулысына қосымша  

Діни әдебиетті және діни мазмұндағы
өзге де ақпараттық материалдарды, діни
мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты
үй-жайлардың орналастырылуы

Арнайы тұрақты
үй-жайлардың атауы

Арнайы тұрақты
үй-жайлардың
мекенжайы

1.

"Ахмет Байтұрсынов" кітап үйі"
жауапкершілігі шектеулі
серіктестігінің үй-жайы

Қостанай қаласы,
Толстой көшесі, 62 үй

2.

"Ахмет Байтұрсынов" кітап үйі"
жауапкершілігі шектеулі
серіктестігі Рудный филиалының
үй-жайы

Рудный қаласы,
Ленин көшесі, 42 үй

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады