Ескерту. Шешімнің қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды - (Қостанай облыстық мәслихаты аппаратының 26.02.2015 № 66 хаты).
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 38-бабының 5)-тармақшасына, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы кодексінің 487-бабының 1-тармағына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қоса беріліп отырған жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін 2014 жылға арналған төлемақы ставкалары бекітілсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы А. Жалгасов
Қостанай облыстық
мәслихатының хатшысы С. Ещанов
КЕЛІСІЛДІ:
"Қостанай облысы әкімдігінің
қаржы басқармасы" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
_______________ С. Аймұхамбетова
"Қостанай облысы әкімдігінің
табиғи ресурстар және табиғат
пайдалануды реттеу басқармасы"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
_______________ Қ. Төлеубаев
"Қостанай облысы әкімдігінің
экономика және бюджеттік жоспарлау
басқармасы" мемлекеттік мекемесінің
басшысы
_______________ Г. Кисленкова
Мәслихаттың
2013 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 229 шешімімен бекітілген
Жер үсті көздеріндегі
су ресурстарын пайдаланғаны үшін 2014 жылға
арналған төлемақы ставкалары
№ |
Арнаулы су пайдаланудың түрі |
Өлшем бірлігі |
Төлемақы ставкалары (теңге) |
1. |
Тұрғын-үй пайдалану және коммуналдық қызметтер |
1 000 текше метр |
92,49 |
2. |
Өнеркәсіп, жылу энергетикасын қоса есептегенде |
1 000 текше метр |
263,82 |
3. |
Ауыл шаруашылығы |
1 000 текше метр |
72,78 |
4. |
Су көздерінен су алуды жүзеге асыратын тоған шаруашылықтары |
1 000 текше метр |
72,78 |
5. |
Су көздерінен балық аулайтын балық шаруашылығы, тұтынушылар |
1 тонна |
188,01 |