Жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін 2014 жылға арналған төлемақы ставкаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы мәслихатының 2013 жылғы 24 желтоқсандағы № 229 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 27 қаңтарда № 4419 болып тіркелді. Шешімнің қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды - (Қостанай облыстық мәслихаты аппаратының 2015 жылғы 26 ақпандағы № 66 хаты)

      Ескерту. Шешімнің қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды - (Қостанай облыстық мәслихаты аппаратының 26.02.2015 № 66 хаты).

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 38-бабының 5)-тармақшасына, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы кодексінің 487-бабының 1-тармағына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Қоса беріліп отырған жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін 2014 жылға арналған төлемақы ставкалары бекітілсін.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                            А. Жалгасов

      Қостанай облыстық
      мәслихатының хатшысы                       С. Ещанов

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Қостанай облысы әкімдігінің
      қаржы басқармасы" мемлекеттік
      мекемесінің басшысы
      _______________ С. Аймұхамбетова

      "Қостанай облысы әкімдігінің
      табиғи ресурстар және табиғат
      пайдалануды реттеу басқармасы"
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      _______________ Қ. Төлеубаев

      "Қостанай облысы әкімдігінің
      экономика және бюджеттік жоспарлау
      басқармасы" мемлекеттік мекемесінің
      басшысы
      _______________ Г. Кисленкова

Мәслихаттың         
2013 жылғы 24 желтоқсандағы 
№ 229 шешімімен бекітілген 

Жер үсті көздеріндегі
су ресурстарын пайдаланғаны үшін 2014 жылға
арналған төлемақы ставкалары

Арнаулы су пайдаланудың түрі

Өлшем бірлігі

Төлемақы ставкалары (теңге)

1.

Тұрғын-үй пайдалану және коммуналдық қызметтер

1 000 текше метр

92,49

2.

Өнеркәсіп, жылу энергетикасын қоса есептегенде

1 000 текше метр

263,82

3.

Ауыл шаруашылығы

1 000 текше метр

72,78

4.

Су көздерінен су алуды жүзеге асыратын тоған шаруашылықтары

1 000 текше метр

72,78

5.

Су көздерінен балық аулайтын балық шаруашылығы, тұтынушылар

1 тонна

188,01

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады