РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5, 7-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына сәйкес, Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Халықтың нысаналы топтарына жататын адамдардың 2013 жылға арналған келесі қосымша тізбесі белгіленсін:
1) жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
2) ұзақ уақыт жұмыс істемейтін азаматтар (бір жыл және одан да көп);
3) елу жастан асқан адамдар;
4) жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органының жолдамасы бойынша кәсіптік оқуды бітірген жұмыссыздар;
5) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдардан алған мамандық бойынша жұмыс тәжірибесі мен өтілі жоқ бітірушілер;
6) "Қостанай қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі" мемлекеттік мекемесінде жұмыссыздар ретінде тіркелген, лайықты жұмысы жоқ адамдар.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2013 жылдың 01 қаңтарынан бастап туындаған қатынастарға таратылады.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің орынбасары М.Т. Мұратбековқа жүктелсін.
Әкімнің
міндетін атқарушы А. Шамшиев
КЕЛІСІЛГЕН:
"Қостанай қаласы әкімдігінің
жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалары бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
_____________ В. Константинов