Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Арқалық қаласы мәслихатының 23.02.2018 № 156 шешімімен (алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
"Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы (Салық кодексi)" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексiнiң 381-бабына, 386-бабының 3-тармағына сәйкес Арқалық қалалық мәслихаты ШЕШТI:
1. Автотұрақтардың (паркингтердiң) санаттары осы шешiмнiң 1-қосымшасына сәйкес белгiленсiн.
2. Автотұрақтардың (паркингтердiң) санаттарына байланысты автотұрақтар (паркингтер) үшiн бөлiнген жерлерге базалық салық ставкалары мөлшерiнiң ұлғаюы осы шешiмнiң 2-қосымшасына сәйкес белгiленсiн.
3. Автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген басқа санаттағы жерлерге салықты есептеу кезінде жерлеріне базалық ставкалары қолданылатын Арқалық қаласы жақын жатқан елді мекен болып айқындалсын.
4. Осы шешiм алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Арқалық қалалық мәслихатының кезекті VІ сессиясының төрайымы |
К. Джанабаева |
Арқалық қалалық мәслихатының хатшысы |
Н. Шалдыбаев |
КЕЛIСIЛДI:
"Қазақстан Республикасы қаржы
Министрлiгi Салық комитетiнiң
Қостанай облысы бойынша Салық
департаментiнiң Арқалық қаласы
бойынша салық басқармасы"
мемлекеттiк мекемесiнiң басшысы
_______________ Б. Алмағамбетов
"Арқалық қаласы әкiмдiгiнiң
экономика және бюджеттiк
жоспарлау бөлiмi" мемлекеттiк
мекемесiнiң бастығы
_______________ Н. Гайдаренко
Мәслихаттың 2013 жылғы 23 мамырдағы № 107 шешiмiне 1-қосымша |
Автотұрақтардың (паркингтердiң) санаттары
№ | Автотұрақтардың (паркингтердiң) түрлерi | Автотұрақтардың (паркингтердiң) санаттары |
1 | Ашық түрдегi автотұрақтар (паркингтер), жабық түрдегi жер үстi автотұрақтар (паркингтер) | 1 |
2 | Пандустары (рампалары) бар автотұрақтар (паркингтер) | 2 |
3 | Механикаландырылған автотұрақтар (паркингтер) | 3 |
Мәслихаттың 2013 жылғы 23 мамырдағы № 107 шешiмiне 2-қосымша |
Автотұрақтардың (паркингтердiң) санаттарына байланысты автотұрақтар (паркингтер) үшiн бөлiнген жерлерге базалық салық ставкалары мөлшерiнiң ұлғаюы
№ | Автотұрақтардың (паркингтердiң) санаттары | Базалық салық ставкаларының ұлғайтылған мөлшерлерi |
1 | 1 санат | 10 есе |
2 | 2 санат | 9 есе |
3 | 3 санат | 8 есе |