Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына сәйкес Арқалық қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың 2014 жылға арналған қосымша тізбесі белгіленсін:
үш және одан көп ай жұмыс істемеген жұмыссыз адамдар;
бұрын жұмыс істемеген жұмыссыздар (еңбек өтілі жоқ);
қырық бес жастан асқан жұмыссыздар;
уәкілетті органның жолдамасы бойынша кәсіби даярлықты және (немесе) қайта даярлықты, біліктілігін арттыруды аяқтаған жұмыссыздар;
жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар.
2. Қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Е.Ж. Мәметековке жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі және 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған қатынастарға таратылады.
Қала әкімі Ғ. Бекмұхамедов