Халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың 2014 жылға арналған қосымша тізбесін белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Арқалық қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 8 қарашадағы № 523 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 3 желтоқсанда № 4324 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына сәйкес Арқалық қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың 2014 жылға арналған қосымша тізбесі белгіленсін:
      үш және одан көп ай жұмыс істемеген жұмыссыз адамдар;
      бұрын жұмыс істемеген жұмыссыздар (еңбек өтілі жоқ);
      қырық бес жастан асқан жұмыссыздар;
      уәкілетті органның жолдамасы бойынша кәсіби даярлықты және (немесе) қайта даярлықты, біліктілігін арттыруды аяқтаған жұмыссыздар;
      жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар.
      2. Қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Е.Ж. Мәметековке жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі және 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған қатынастарға таратылады.

      Қала әкімі                                 Ғ. Бекмұхамедов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады