РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5-бабына, 7-бабының 2) тармақшасына сәйкес Алтынсарин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Халықтың нысаналы топтарына жататын адамдардың 2013 жылға арналған келесі қосымша тізбесі белгіленсін:
1) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі ұйымдарды бітірушілер;
2) үш және оданда көп айлар жұмыс істемеген, жұмыссыз адамдар;
3) елу жастан асқан адамдар;
4) жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
5) жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның жіберуі бойынша кәсіптік дайындау және (немесе) қайта дайындауды, біліктілігін арттыруды аяқтаған жұмыссыздар.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Б. Ахметов