Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өтеу туралы

Қостанай облысы Жангелдин ауданы мәслихатының 2013 жылғы 15 қарашадағы № 118 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 29 қарашада № 4322 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Жангелдин ауданы мәслихатының 2015 жылғы 26 ақпандағы № 207 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Жангелдин ауданы мәслихатының 26.02.2015 № 207 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық–педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі Заңының 16-бабының 4) тармақшасына сәйкес Жангелдин аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды (бұдан әрі – кемтар балалар) үйде оқытуға жұмсаған шығындарын (бұдан әрі – оқытуға жұмсаған шығындарын өтеу) жеке оқыту жоспары бойынша айына сегіз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде өтелсін.
      2. Мыналар:
      1) оқытуға жұмсаған шығындарын өтеуді "Жангелдин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі жүргізеді;
      2) оқытуға жұмсаған шығындарын өтеу үйде оқытылатын кемтар балалардың ата-аналарына және өзге де заңды өкілдеріне (бұдан әрі – алушы) беріледі;
      3) оқытуға жұмсаған шығындарын өтеу үшін алушы мынадай құжаттарды:
      өтінішті;
      алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
      кемтар балалар үшін – баланың туу туралы куәлігінің көшірмесін;
      тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжатты;
      психологиялық–медициналық–педагогикалық консультацияның қорытындысын;
      мүгедектігі туралы анықтаманың көшірмесін;
      банктегі шоттың бар болуы туралы құжаттың көшірмесін;
      үйде оқытылатынын растайтын құжатты ұсынады;
      4) әр кемтар балаға оқытуға жұмсаған шығындарын өтеу тиісті оқу жылы ішінде жүргізіледі деп белгіленсін.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2013 жылдың 2 қыркүйегінен бастап туындаған қатынастарға өз әрекетін таратады. 

      Жангелдин аудандық
      мәслихатының кезектен
      тыс сессиясының төрағасы                   Т. Мырзагалиев

      Жангелдин аудандық
      мәслихат хатшысы                           С. Нургазин

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Жангелдин ауданының
      жұмыспен қамту және
      әлеуметтiк бағдарламалар
      бөлімі" мемлекеттiк
      мекемесінің басшысы
      ___________ Л. Зейнекина

О возмещении затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов

Решение маслихата Жангельдинского района Костанайской области от 15 ноября 2013 года № 118. Зарегистрировано Департаментом юстиции Костанайской области 29 ноября 2013 года № 4322. Утратило силу решением маслихата Жангельдинского района Костанайской области от 26 февраля 2015 года № 207

      Сноска. Утратило силу решением маслихата Жангельдинского района Костанайской области от 26.02.2015 № 207 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 15) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", подпунктом 4) статьи 16 Закона Республики Казахстан от 11 июля 2002 года "О социальной и медико-педагогической коррекционной поддержке детей с ограниченными возможностями" Жангельдинский районный маслихат РЕШИЛ:
      1. Возместить затраты на обучение на дому (далее - возмещение затрат на обучение) детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов (далее – дети с ограниченными возможностями) по индивидуальному учебному плану в размере восьми месячных расчетных показателей в месяц.
      2. Определить, что:
      1) возмещение затрат на обучение производится государственным учреждением "Отдел занятости и социальных программ Джангельдинского района";
      2) возмещение затрат на обучение предоставляется родителям и иным законным представителям детей с ограниченными возможностями, обучающихся на дому (далее - получатели);
      3) для возмещения затрат на обучение получатель представляет следующие документы:
      заявление;
      копия удостоверения личности получателя;
      для детей с ограниченными возможностями - копия свидетельства о рождении ребенка;
      документ, подтверждающий регистрацию по постоянному месту жительства;
      заключение психолого-медико-педагогической консультации;
      копия справки об инвалидности;
      копия документа о наличии счета в банке;
      документ, подтверждающий обучение на дому;
      4) возмещение затрат на обучение производится в течение соответствующего учебного года на каждого ребенка с ограниченными возможностями.
      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования и распространяет свое действие на отношения, возникшие со 2 сентября 2013 года.

      Председатель внеочередной
      сессии Жангельдинского
      районного маслихата                        Т. Мырзагалиев

      Секретарь
      Жангельдинского
      районного маслихата                        С. Нургазин

      СОГЛАСОВАНО:

      Руководитель государственного
      учреждения "Отдел занятости и
      социальных программ
      Джангельдинского района"
      ________________ Л. Зейнекина