Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Жангелдин ауданы мәслихатының 26.02.2015 № 207 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық–педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі Заңының 16-бабының 4) тармақшасына сәйкес Жангелдин аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды (бұдан әрі – кемтар балалар) үйде оқытуға жұмсаған шығындарын (бұдан әрі – оқытуға жұмсаған шығындарын өтеу) жеке оқыту жоспары бойынша айына сегіз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде өтелсін.
2. Мыналар:
1) оқытуға жұмсаған шығындарын өтеуді "Жангелдин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі жүргізеді;
2) оқытуға жұмсаған шығындарын өтеу үйде оқытылатын кемтар балалардың ата-аналарына және өзге де заңды өкілдеріне (бұдан әрі – алушы) беріледі;
3) оқытуға жұмсаған шығындарын өтеу үшін алушы мынадай құжаттарды:
өтінішті;
алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
кемтар балалар үшін – баланың туу туралы куәлігінің көшірмесін;
тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжатты;
психологиялық–медициналық–педагогикалық консультацияның қорытындысын;
мүгедектігі туралы анықтаманың көшірмесін;
банктегі шоттың бар болуы туралы құжаттың көшірмесін;
үйде оқытылатынын растайтын құжатты ұсынады;
4) әр кемтар балаға оқытуға жұмсаған шығындарын өтеу тиісті оқу жылы ішінде жүргізіледі деп белгіленсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2013 жылдың 2 қыркүйегінен бастап туындаған қатынастарға өз әрекетін таратады.
Жангелдин аудандық
мәслихатының кезектен
тыс сессиясының төрағасы Т. Мырзагалиев
Жангелдин аудандық
мәслихат хатшысы С. Нургазин
КЕЛІСІЛДІ:
"Жангелдин ауданының
жұмыспен қамту және
әлеуметтiк бағдарламалар
бөлімі" мемлекеттiк
мекемесінің басшысы
___________ Л. Зейнекина