"Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5-бабының 2-тармағына сәйкес Жітіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу үшін 2014 жылға арналған халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесі белгіленсін:
1) ұзақ (бір жыл және одан да көп) уақыт жұмыс істемейтін тұлғалар;
2) қырық бес жастан асқан тұлғалар;
3) жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның жолдамасы бойынша кәсіптік оқуды бітірген жұмыссыздар;
4) жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
5) уақытша және маусымдық жұмыстардың мерзімі аяқталуына байланысты жұмыстан босатылған жұмыссыздар;
6) бұрын жұмыс істемеген жұмыссыздар (жұмыс өтілі жоқтар).
2. "Жітіқара ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі жоғарыда аталған тұлғаларды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі шараларды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.К. Досмухамедовке жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі М. Утешов