Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарабалық ауданы әкімдігінің 30.06.2014 № 256 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы 31-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 "Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Қарабалық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Субсидия алушылардың тізіміне қосуға арналған өтінімдерді ұсыну мерзімдері 2013 жылғы 18 сәуірден бастап 9 маусымға дейін анықталсын.
2. Оңтайлы себу мерзімдері анықталсын:
1) жазғы егіс, сұлы 15 мамырдан бастап 31 мамырға дейін;
2) арпа, тары 20 мамырдан бастап 5 маусымға дейін;
3) қарақұмық және астық дақылдары 20 мамырдан бастап 31 мамырға дейін;
4) аймақтық ғылыми–негізделген агротехнологияларды сақтап дәнді дақылдар 15 мамырдан бастап 5 маусымға дейін;
5) майлы дақылдар 18 мамырдан бастап 30 мамырға дейін;
6) жемшөптік (ағымдағы жылдың біржылдық, көпжылдық шөптері) 15 мамырдан бастап 10 маусымға дейін;
7) сүрлемдік жүгері мен күнбағыс 15 мамырдан бастап 31 мамырға дейін;
8) бірінші, екінші және үшінші өсіру жылдарындағы жемшөптік, көпжылдық бұршақтұқымдас шөптер (бірінші мерзім) 1 мамырдан бастап 31 мамырға дейін, (екінші мерзім) 5 шілдеден бастап 10 қыркүйекке дейін;
9 ) күздік дақылдар 25 тамыздан бастап 10 қыркүйекке дейін;
10) көкөніс бақша дақылдары 25 сәуірден бастап 10 маусымға дейін;
11) картоп 10 мамырдан бастап 31 мамырға дейін;
12) шабындық жерлерді шалғындандыру үшін егілген көпжылдық шөптер (бірінші мерзім) 1 мамырдан бастап 31 мамырға дейін, (екінші мерзім) 5 шілдеден бастап 10 қыркүйекке дейін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.А. Кәкімжановқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі және 2013 жылдың 18 сәуірінен бастап туындаған қатынастарға таратылады.
Қарабалық
ауданының әкімі М. Соқытбаев