Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Қостанай облысы Қарасу ауданы мәслихатының 23.06.2014 № 02-4-128 хатымен).
"Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18 бабының 2-тармағының 7) тармақшасына және 8, 9-тармақтарына сәйкес, Қарасу аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қарасу ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына 2013 жылы көтерме жәрдемақы және тұрғын үй алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылсын.
2. Осы шешімнің күші ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын ветеринария пункттерінің ветеринария мамандарына таратылады.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жетінші сессияның төрағасы Б. Қадырбеков
Қарасу аудандық
мәслихатының хатшысы С. Қазиев
КЕЛІСІЛДІ:
"Қарасу ауданы әкімдігінің
экономика және бюджеттік
жоспарлау бөлімі"
мемлекеттік
мекемесінің басшысы
_________ Е. Биркель