"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысымен бекітілген, Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасының 12-тармағына сәйкес, Қостанай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Субсидия алушылардың тізіміне қосуға арналған өтінімдерді ұсыну мерзімдері 2013 жылдың 11 маусымына дейін белгіленсін.
2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2013 жылға субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша оңтайлы себу мерзімдері анықталсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ф. Аракелянға жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2013 жылдың 25 сәуірінен бастап туындаған қатынастарға таратылады.
Аудан әкімі А. Ахметжанов
Әкімдіктің
2013 жылғы 3 мамырдағы
№ 296 қаулысына
қосымша
2013 жылға субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы
дақылдарының әрбір түрі бойынша оңтайлы себу мерзімдері
№ |
Ауыл шаруашылығы |
Себу мерзімдері |
1 |
Жазғы бидай |
15 мамырдан бастап |
2 |
Күздік бидай |
25 тамыздан бастап |
3 |
Күздік қара бидай |
25 тамыздан бастап |
4 |
Сұлы |
15 мамырдан бастап |
5 |
Арпа |
15 мамырдан бастап |
6 |
Тары |
15 мамырдан бастап |
7 |
Қарақұмық |
15 мамырдан бастап |
8 |
Бұршақ тұқымдас дақылдар |
15 мамырдан бастап |
9 |
Майлы дақылдар |
15 мамырдан бастап |
10 |
Картоп |
10 мамырдан бастап |
11 |
Көкөністер |
25 сәуірден бастап |
12 |
Бақша дақылдары |
25 сәуірден бастап |
13 |
Жемшөп дақылдары |
15 мамырдан бастап |
14 |
Бірінші, екінші және үшінші |
бірінші мерзім 1 мамырдан |
15 |
Шабындық жерлерді |
бірінші мерзім 1 мамырдан |
16 |
Сүрлемдік жүгері мен |
15 мамырдан бастап 31 мамырға |