2013 жылға субсидия алушылардың тізіміне қосуға арналған өтінімдерді ұсыну мерзімдерін және ауыл шаруашылығы дақылдарын оңтайлы себу мерзімдерін анықтау туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қостанай ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 3 мамырдағы № 296 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 17 мамырда № 4133 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысымен бекітілген, Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасының 12-тармағына сәйкес, Қостанай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Субсидия алушылардың тізіміне қосуға арналған өтінімдерді ұсыну мерзімдері 2013 жылдың 11 маусымына дейін белгіленсін.
      2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2013 жылға субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша оңтайлы себу мерзімдері анықталсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ф. Аракелянға жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2013 жылдың 25 сәуірінен бастап туындаған қатынастарға таратылады.

      Аудан әкімі                                А. Ахметжанов

Әкімдіктің       
2013 жылғы 3 мамырдағы 
№ 296 қаулысына    
қосымша        

2013 жылға субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы
дақылдарының әрбір түрі бойынша оңтайлы себу мерзімдері

Ауыл шаруашылығы
дақылдарының атауы

Себу мерзімдері

1

Жазғы бидай

15 мамырдан бастап
5 маусымға дейін

2

Күздік бидай

25 тамыздан бастап
10 қыркүйекке дейін

3

Күздік қара бидай

25 тамыздан бастап
10 қыркүйекке дейін

4

Сұлы

15 мамырдан бастап
5 маусымға дейін

5

Арпа

15 мамырдан бастап
5 маусымға дейін

6

Тары

15 мамырдан бастап
5 маусымға дейін

7

Қарақұмық

15 мамырдан бастап
5 маусымға дейін

8

Бұршақ тұқымдас дақылдар

15 мамырдан бастап
5 маусымға дейін

9

Майлы дақылдар

15 мамырдан бастап
30 мамырға дейін

10

Картоп

10 мамырдан бастап
5 маусымға дейін

11

Көкөністер

25 сәуірден бастап
10 маусымға дейін

12

Бақша дақылдары

25 сәуірден бастап
10 маусымға дейін

13

Жемшөп дақылдары

15 мамырдан бастап
10 маусымға дейін

14

Бірінші, екінші және үшінші
өсу жылдарындағы бұршақ
тұқымдас көпжылдық шөптер

бірінші мерзім 1 мамырдан
бастап 31 мамырға дейін,
екінші мерзім 5 шілдеден
бастап 10 қыркүйекке дейін

15

Шабындық жерлерді
шалғындандыру үшін егілген
көпжылдық шөптер

бірінші мерзім 1 мамырдан
бастап 31 мамырға дейін,
екінші мерзім 5 шілдеден
бастап 10 қыркүйекке дейін

16

Сүрлемдік жүгері мен
күнбағыс

15 мамырдан бастап 31 мамырға
дейін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады