"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 "Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасын бекіту туралы" қаулысына сәйкес және "Қостанай ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 2013 жылғы 2 сәуірдегі ұсынысы негізінде, Науырзым ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Субсидия алушылардың тізіміне қосуға арналған өтінімдерді ұсыну мерзімдері 2013 жылдың 5 маусымына дейін айқындалсын.
2. 2013 жылға субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша оңтайлы себу мерзімдері осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ.Қ. Ормановқа жүктелсін.
4. Әкімдіктің 2012 жылғы 11 шілдедегі № 180 "Субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша оңтайлы себу мерзімдері туралы" қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-16-147 тіркелген, 2012 жылғы 20 тамыздағы № 23 "Науырзым Тынысы" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі және 2013 жылғы 25 сәуірден бастап туындаған қатынастарға таратылады.
Науырзым ауданының әкімі А. Балғарин
КЕЛІСІЛДІ:
"Науырзым ауданының
кәсіпкерлік және
ауыл шаруашылығы
бөлiмi" ММ бастығы
_____ Ж. Тілеуғабылов
Әкімдіктің
2013 жылғы 24 маусымдағы
№ 139 қаулысына
қосымша
2013 жылға субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша оңтайлы себу мерзімдері
№ |
Ауыл шаруашылығы |
Себу мерзімдері |
1 |
Жаздық дәнді дақылдар |
15 мамырдан бастап |
2 |
Дәнді бұршақ тұқымдас |
15 мамырдан бастап |
3 |
Майлы дақылдар |
15 мамырдан бастап |
4 |
Жемшөптік дақылдар |
15 мамырдан бастап |
5 |
Бірінші өсу жылдағы |
бірінші мерзім - |
6 |
Сүрлемдік жүгері мен |
15 мамырдан бастап |
7 |
Көкөністер, бақша |
25 сәуірден бастап |
8 |
Картоп |
10 мамырдан бастап |
9 |
Шабындық жерлерді |
бірінші мерзім - |