Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабына сәйкес Науырзым аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Ауданның ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын ветеринария пункттерінің ветеринария мамандарына көтерме жәрдемақы және тұрғын үй алу немесе салу үшін әлуметтік қолдау 2013 жылға ұсынылсын.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрайымы,
аудандық мәслихаттың хатшысы З.С. Алдажұманова
КЕЛІСІЛДІ:
"Науырзым ауданының
экономика және бюджеттік
жоспарлау бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
__________________ Н. Дехтярева