Ауданның ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына 2013 жылға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы

Жаңа

Қостанай облысы Науырзым ауданы мәслихатының 2013 жылғы 17 маусымдағы № 124 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 28 маусымда № 4162 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабына сәйкес Науырзым аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Ауданның ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын ветеринария пункттерінің ветеринария мамандарына көтерме жәрдемақы және тұрғын үй алу немесе салу үшін әлуметтік қолдау 2013 жылға ұсынылсын.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрайымы,
      аудандық мәслихаттың хатшысы               З.С. Алдажұманова

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Науырзым ауданының
      экономика және бюджеттік
      жоспарлау бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      __________________ Н. Дехтярева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады