2013 жылға арналған субсидия алушылардың тізіміне қосуға арналған өтінімдерді ұсыну мерзімдерін және ауыл шаруашылығы дақылдарын оңтайлы себу мерзімдерін белгілеу туралы

Қостанай облысы Сарыкөл ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 27 мамырдағы № 196 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 1 шілдеде № 4165 болып тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды (Қостанай облысы Сарыкөл ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 28 желтоқсандағы № 07-09/2354 хаты)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды (Қостанай облысы Сарыкөл ауданы әкімдігінің 28.12.2013 № 07-09/2354 хаты).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысымен бекітілген Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасының 12-тармағына сәйкес және Қостанай ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының 2013 жылғы 2 сәуірдегі № 1-177 ұсынысына сәйкес Сарыкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Субсидия алушылардың тізіміне қосуға арналған өтінімдерді ұсыну мерзімдері 2013 жылғы 5 маусымға дейін белгіленсін.
      2. 2013 жылға арналған субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әр бір түрі бойынша оңтайлы себу мерзімдері қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі және 2013 жылғы 1 мамырдан бастап туындаған қатынастарға таратылады.

      Аудан әкімі                                А. Тұрсынов

Әкімдіктің      
2013 жылғы 27 мамырдағы  
№ 196 қаулысына   
қосымша       

2013 жылға арналған субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша оңтайлы себу мерзімдері

Ауыл шаруашылығы
дақылдарының атауы

Себу мерзімдері

1

Жазғы бидай

15 мамырдан бастап
5 маусымға дейін

2

Күздік бидай

25 тамыздан бастап 10
қыркүйекке дейін

3

Дәнді-бұршақ тұқымдас
дақылдар

15 мамырдан бастап 5 маусымға
дейін

4

Майлы дақылдар

15 мамырдан бастап 30 мамырға
дейін

5

Картоп

10 мамырдан бастап 5 маусымға
дейін

6

Көкөністер

25 сәуірден бастап 10 маусымға
дейін

7

Бақша дақылдары

25 сәуірден бастап 10 маусымға
дейін

8

Жемшөптік дақылдар,
оның ішінде бірінші,
екінші және үшінші өсу
жылдарындағы бұршақ
тұқымдас көпжылдық
шөптер

бірінші мерзім – 1 мамырдан
бастап 31 мамырға дейін,
екінші мерзім – 5 шілдеден
бастап 10 қыркүйекке дейін

9

Шабындық жерлерді
шалғындандыру үшін
егілген көпжылдық
шөптер

бірінші мерзім – 1 мамырдан
бастап 31 мамырға дейін,
екінші мерзім – 5 шілдеден
бастап 10 қыркүйекке дейін

10

Сүрлемдік жүгері және
күнбағыс

15 мамырдан бастап 31 мамырға
дейін

Об определении сроков предоставления заявок на включение в список получателей субсидий и оптимальных сроков сева сельскохозяйственных культур на 2013 год

Постановление акимата Сарыкольского района Костанайской области от 27 мая 2013 года № 196. Зарегистрировано Департаментом юстиции Костанайской области 1 июля 2013 года № 4165. Утратило силу в связи с истечением срока действия (письмо акимата Сарыкольского района Костанайской области от 28 декабря 2013 года № 07-09/2354)

      Сноска. Утратило силу в связи с истечением срока действия (письмо акимата Сарыкольского района Костанайской области от 28.12.2013 № 07-09/2354).

      В соответствии со статьей 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", пунктом 12 Правил субсидирования из местных бюджетов на повышение урожайности и качества продукции растениеводства, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 4 марта 2011 года № 221, и согласно рекомендаций Костанайского научно-исследовательского института сельского хозяйства от 2 апреля 2013 года № 1-177 акимат Сарыкольского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Определить сроки предоставления заявок на включение в список получателей субсидий до 5 июня 2013 года.
      2. Определить оптимальные сроки сева по видам субсидируемых приоритетных сельскохозяйственных культур на 2013 год согласно приложения.
      3. Настоящее постановление вводится в действие после дня его первого официального опубликования и распространяется на отношения, возникшие с 1 мая 2013 года.

      Аким района                                А. Турсунов

Приложение        
к постановлению акимата  
от 27 мая 2013 года   
№ 196          

Оптимальные сроки сева по видам субсидируемых приоритетных сельскохозяйственных культур на 2013 год

Наименование
сельскохозяйственных
культур

Сроки сева

1

Яровая пшеница

с 15 мая по 5 июня

2

Озимая пшеница

с 25 августа по 10 сентября

3

Зернобобовые культуры

с 15 мая по 5 июня

4

Масличные культуры

с 15 мая по 30 мая

5

Картофель

с 10 мая по 5 июня

6

Овощи

с 25 апреля по 10 июня

7

Бахчевые культуры

с 25 апреля по 10 июня

8

Кормовые культуры, в
том числе многолетние
бобовые травы первого,
второго и третьего
годов жизни

первый срок – с 1 мая
по 31 мая,
второй срок – с 5 июля
по 10 сентября

9

Многолетние травы,
посеянные для залужения
сенокосных угодий

первый срок – с 1 мая
по 31 мая,
второй срок – с 5 июля
по 10 сентября

10

Кукуруза и подсолнечник
на силос

с 15 мая по 31 мая