Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды (Қостанай облысы Сарыкөл ауданы әкімдігінің 28.12.2013 № 07-09/2354 хаты).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысымен бекітілген Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасының 12-тармағына сәйкес және Қостанай ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының 2013 жылғы 2 сәуірдегі № 1-177 ұсынысына сәйкес Сарыкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Субсидия алушылардың тізіміне қосуға арналған өтінімдерді ұсыну мерзімдері 2013 жылғы 5 маусымға дейін белгіленсін.
2. 2013 жылға арналған субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әр бір түрі бойынша оңтайлы себу мерзімдері қосымшаға сәйкес белгіленсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі және 2013 жылғы 1 мамырдан бастап туындаған қатынастарға таратылады.
Аудан әкімі А. Тұрсынов
Әкімдіктің
2013 жылғы 27 мамырдағы
№ 196 қаулысына
қосымша
2013 жылға арналған субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша оңтайлы себу мерзімдері
№ |
Ауыл шаруашылығы |
Себу мерзімдері |
1 |
Жазғы бидай |
15 мамырдан бастап |
2 |
Күздік бидай |
25 тамыздан бастап 10 |
3 |
Дәнді-бұршақ тұқымдас |
15 мамырдан бастап 5 маусымға |
4 |
Майлы дақылдар |
15 мамырдан бастап 30 мамырға |
5 |
Картоп |
10 мамырдан бастап 5 маусымға |
6 |
Көкөністер |
25 сәуірден бастап 10 маусымға |
7 |
Бақша дақылдары |
25 сәуірден бастап 10 маусымға |
8 |
Жемшөптік дақылдар, |
бірінші мерзім – 1 мамырдан |
9 |
Шабындық жерлерді |
бірінші мерзім – 1 мамырдан |
10 |
Сүрлемдік жүгері және |
15 мамырдан бастап 31 мамырға |