"Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 7 сәуiрдегi № 394 қаулысымен бекiтiлген "Жергiлiктi өкiлді органдардың шешiмдерi бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек тағайындау және төлеу" мемлекеттiк қызмет стандартына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШТI:
1. Мәслихаттың "Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" 2011 жылғы 13 қыркүйектегі № 400 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-18-144 тіркелген, 2011 жылғы 13 қазанда "Шамшырақ" аудандық газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-тармағының 4), 5), 6), 7), 9), 10), 11) тармақшалары жаңа редакцияда жазылсын:
"4) өтiнiш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанда жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгi күнкөрiс деңгейiнен төмен табыстары бар отбасылардың тұлғаларына, қайтыс болған туыстарын жерлеуге, егер қайтыс болған күнi "Таран ауданы әкiмдiгiнiң жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiнде (бұдан әрi – жұмыспен қамту мәселелері жөнiндегi уәкiлеттi орган) жұмыссыз ретiнде тiркелген болса, бiр жолғы, 15 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде;
5) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне орай, бір жолғы, 25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
6) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғаларға, жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жөнiнен соғысқа қатысушыларға теңестiрiлген адамдардың басқа да санаттарына, 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерiмен және медальдарымен марапатталмаған адамдарға Ұлы Отан соғысында Жеңіс күніне орай, бір жолғы, 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
7) мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған, туберкулездiң жұқпалы түрiмен ауыратын тұлғаларға, табыстарын есепке алмай, қосымша тамақтануға, бiр жолғы, 15 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде;
9) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне тұрмыстық қажеттiлiктерге, ай сайын, 6 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде;
10) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне жеңiлдiктер мен кепiлдiктер бойынша теңестiрiлген тұлғаларға, сондай-ақ соғысқа қатысушыларға жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестiрiлген тұлғалардың басқа да санаттарына, тұрмыстық қажеттіліктерге, ай сайын, 3 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде;
11) барлық санаттағы мүгедектерге, табыстарын есепке алмай, шипажай немесе оңалту орталықтарына жол жүрумен байланысты шығындар өтеу үшін, нақты шығындары бойынша.";
осы шешімнің қосымшасындағы:
1-тармақтың 3) тармақшасы алынып тасталсын;
2-тармақтың 6) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"6) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғаларға, жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жөнiнен соғысқа қатысушыларға теңестiрiлген адамдардың басқа да санаттарына, 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерiмен және медальдарымен марапатталмаған адамдарға Ұлы Отан соғысында Жеңіс күніне орай:
егер аталған азамат уәкілетті органда есепте тұрмаған жағдайда, алушының әлеуметтік мәртебесін растайтын құжат;".
2. Осы шешiм алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Жиырма бірінші кезектен | |
тыс сессиясының төрайымы | О. Тарасова |
Аудандық | |
мәслихаттың хатшысы | С. Жолдыбаев |
КЕЛІСІЛДІ: | |
"Таран ауданы әкімдігінің жұмыспен | |
қамту және әлеуметтік бағдарламалар | |
бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы | |
___________________ Л. Утешева | |