"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына және "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18-бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШТІ:
1. 2013 жылы ауданның ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына көтерме жәрдемақы және тұрғын үй алу немесе салу үшін бюджеттік кредит түріндегі әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылсын.
2. Осы шешімнің күші ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын ветеринария пункттерінің ветеринария мамандарына таратылады.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жиырма үшінші
кезектен тыс
сессияның төрағасы
Аудандық мәслихат
хатшысының міндетін
атқарушы С. Ысқақов
КЕЛІСІЛДІ:
"Таран ауданы
әкімдігінің экономика
және қаржы бөлімі"
мемлекеттік
мекемесінің бастығы
________ В. Ересько