2013 жылы ауданның ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы

Жаңа

Қостанай облысы Таран ауданы мәслихатының 2013 жылғы 11 маусымдағы № 127 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 3 шілдеде № 4174 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына және "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18-бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШТІ:
      1. 2013 жылы ауданның ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына көтерме жәрдемақы және тұрғын үй алу немесе салу үшін бюджеттік кредит түріндегі әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылсын.
      2. Осы шешімнің күші ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын ветеринария пункттерінің ветеринария мамандарына таратылады.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жиырма үшінші
      кезектен тыс
      сессияның төрағасы

      Аудандық мәслихат
      хатшысының міндетін
      атқарушы                                   С. Ысқақов

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Таран ауданы
      әкімдігінің экономика
      және қаржы бөлімі"
      мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      ________ В. Ересько

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады