"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысымен бекiтiлген, Өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергiлiктi бюджеттерден субсидиялау қағидасының 12-тармағына сәйкес, "Қостанай ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгiнiң ұсынымы негiзiнде, Ұзынкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Субсидия алушылардың тiзiмiне қосуға арналған өтiнiмдерді ұсыну мерзімі 2013 жылдың 15 мамырға дейiн айқындалсын.
2. 2013 жылға субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбiр түрi бойынша оңтайлы себу мерзiмдерi осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Ө. Ш. Ибрагимовқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейiн қолданысқа енгiзiледi және 2013 жылғы 25 сәуiрден бастап туындаған қатынастарға таратылады.
Аудан әкiмi Т. Ташмағамбетов
КЕЛІСІЛДІ:
"Ұзынкөл ауданының
ауылшаруашылық бөлімі"
мемлекеттік
мекемесінің бастығы
_______ К. Асқаров
Әкiмдiктің
2013 жылғы 3 мамырдағы
№ 108 қаулысына
қосымша
2013 жылға субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбiр түрi бойынша оңтайлы себу мерзiмдерi
№ |
Басым ауыл |
Оңтайлы себу мерзiмдерi |
1 |
Жаздық дәнді |
15 мамырдан бастап 5 маусымға |
2 |
Дәнді–бұршақ |
15 мамырдан бастап 5 маусымға |
3 |
Майлы дақылдар |
15 мамырдан бастап 30 мамырға |
4 |
Картоп |
10 мамырдан бастап 5 маусымға |
5 |
Көкөнiстер |
25 сәуiрден бастап 10 маусымға |
6 |
Жемшөптік дақылдар, |
15 мамырдан бастап 10 маусымға |
7 |
Шабындық жерлердi |
1 мерзім - 1 мамырдан бастап 31 |
8 |
Сүрлемдік жүгерi |
15 мамырдан бастап 31 мамырға |