2013 жылға субсидия алушылардың тізіміне қосуға арналған өтінімдерді ұсыну мерзімі және ауыл шаруашылығы дақылдарын оңтайлы себу мерзімдерін айқындау туралы

Жаңа

Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 3 маусымдағы № 108 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 10 маусымда № 4146 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысымен бекiтiлген, Өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергiлiктi бюджеттерден субсидиялау қағидасының 12-тармағына сәйкес, "Қостанай ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгiнiң ұсынымы негiзiнде, Ұзынкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Субсидия алушылардың тiзiмiне қосуға арналған өтiнiмдерді ұсыну мерзімі 2013 жылдың 15 мамырға дейiн айқындалсын.
      2. 2013 жылға субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбiр түрi бойынша оңтайлы себу мерзiмдерi осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Ө. Ш. Ибрагимовқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейiн қолданысқа енгiзiледi және 2013 жылғы 25 сәуiрден бастап туындаған қатынастарға таратылады.

      Аудан әкiмi                                Т. Ташмағамбетов

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Ұзынкөл ауданының
      ауылшаруашылық бөлімі"
      мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      _______ К. Асқаров

Әкiмдiктің       
2013 жылғы 3 мамырдағы  
№ 108 қаулысына    
қосымша        

2013 жылға субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбiр түрi бойынша оңтайлы себу мерзiмдерi

Басым ауыл
шаруашылығы
дақылдарының атауы

Оңтайлы себу мерзiмдерi

1

Жаздық дәнді
дақылдар

15 мамырдан бастап 5 маусымға
дейiн

2

Дәнді–бұршақ
тұқымдас дақылдар

15 мамырдан бастап 5 маусымға
дейін

3

Майлы дақылдар

15 мамырдан бастап 30 мамырға
дейiн

4

Картоп

10 мамырдан бастап 5 маусымға
дейiн

5

Көкөнiстер

25 сәуiрден бастап 10 маусымға
дейiн

6

Жемшөптік дақылдар,
бірінші өсу жылдағы
бұршақ тұқымдас
көпжылдық
шөптер

15 мамырдан бастап 10 маусымға
дейiн, 1 мерзім - 1 мамырдан
бастап 31 мамырға дейiн,
2 мерзім - 5 шілдеден бастап 10
қыркүйекке дейiн

7

Шабындық жерлердi
шалғындандыру үшiн
егiлген көпжылдық
шөптер

1 мерзім - 1 мамырдан бастап 31
мамырға дейiн,
2 мерзім - 5 шілдеден бастап 10
қыркүйекке дейiн

8

Сүрлемдік жүгерi
мен күнбағыс

15 мамырдан бастап 31 мамырға
дейін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады