Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақтоғай аудандық әкімдігінің 11.10.2013 N 254 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5-бабының 2-тармағына, 7-бабының 2) тармақшасына сәйкес, халықтың нысаналы топтарына жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мақсатында, Ақтоғай ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2013 жылға нысаналы топтарға жататын тұлғалардың қосымша тізбесі белгіленсін:
1) жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
2) ұзақ уақыт (бір жылдан артық) жұмыс істемейтін тұлғалар;
3) бірде-бір жұмыскері жоқ отбасынан шыққан жұмыссыздар;
4) жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның жолдамасы бойынша кәсіби оқуды бітірген жұмыссыздар;
5) медициналық-санитарлық сараптамалық комиссияның еңбекке шектеулі жарамдығы туралы анықтамасы бар тұлғалар;
6) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалар;
7) мүгедек балаларды және мүмкіншілігі шектеулі балаларды тәрбиелеуші ата-аналар.
2. "Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі халықтың нысаналы топтарына жататын жұмыссыз азаматтарды әлеуметтік қорғаудың қосымша шараларын іске асыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Ж. Қожанов