РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5-бабы 2-тармағына сәйкес, тұрғындардың мақсатты тобындағы жұмыссыздарды жұмыспен қамтуға көмек көрсету және әлеуметтік қорғау мақсатында Лебяжі ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2014 жылғы халықтың нысаналық тобына жататын қосымша тұлғалар тізбесі белгіленсін:
1) 50 жастан асқан тұлғалар;
2) дәрігерлі-кеңестік комиссияның анықтамасы бойынша еңбекке шектеуі бар тұлғалар;
3) жұмыс істейтін бірде - бір мүшесі жоқ отбасылардан шыққан жұмыссыз тұлғалар;
4) 29 жасқа дейінгі жастар;
5) мамандығы және еңбек өтілі жоқ тұлғалар;
6) ұзақ уақыт (бір жылдан аса) жұмыс істемеген тұлғалар.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсiн.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | А. Құрманова |