2014 жылы Лебяжі ауданы азаматтарын жұмыспен қамту саласында әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Лебяжі аудандық әкімдігінің 2013 жылғы 27 желтоқсандағы N 383/73 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 23 желтоқсанда N 3674 болып тіркелді Күші жойылды - қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Лебяжі ауданы әкімі аппарат басшысының 2015 жылғы 08 қаңтардағы N 31/1-3618 хатымен)

     Ескерту. Күші жойылды - қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Лебяжі ауданы әкімі аппарат басшысының 08.01.2015 N 31/1-3618 хатымен).
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5-бабы 2-тармағына сәйкес, тұрғындардың мақсатты тобындағы жұмыссыздарды жұмыспен қамтуға көмек көрсету және әлеуметтік қорғау мақсатында Лебяжі ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2014 жылғы халықтың нысаналық тобына жататын қосымша тұлғалар тізбесі белгіленсін:
      1) 50 жастан асқан тұлғалар;
      2) дәрігерлі-кеңестік комиссияның анықтамасы бойынша еңбекке шектеуі бар тұлғалар;
      3) жұмыс істейтін бірде - бір мүшесі жоқ отбасылардан шыққан жұмыссыз тұлғалар;
      4) 29 жасқа дейінгі жастар;
      5) мамандығы және еңбек өтілі жоқ тұлғалар;
      6) ұзақ уақыт (бір жылдан аса) жұмыс істемеген тұлғалар.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсiн.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкіміА. Құрманова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады